2013 жылдың наурыз айында

ЖСДП –ың Х- съезінде БЕКІТІЛГЕН

 

Жалыпұлттық социал-демократиялық партиясының

(ЖСДП) бағдарламасы

Социал-демократия – 21 ғасырдың жолы (ғасырдағы жол)

 

ҚАЗАҚСТАНҒА РЕФОРМАЛАР НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ

БҰЛ РЕФОРМАЛАР НЕГЕ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БОЛУЫ ТИІС

 

ДЕМОКРАТИЯ

1. Азаматтардың саяси құқығын қамтамасыз ету. Адал сайлаулар өткізу құқығы

2 Бейбіт шерулер бостандығы

3. Сөз бостандығы мен БАҚ тәуелсіздігі

4. Биліктің тепе - теңдігі. Тиімді парламент

5. Президент

6. Атқарушы билік. Жергілікті басқару органдары

7. Жергілікті өзін-өзі басқару

8. Сот жүйесі және сот әділдігі

9. Саяси партиялар

 

ЭКОНОМИКА ХАЛЫҚ ҮШІН

1. Шикізат өндіруші өнеркәсіп

2. Шағын және орта бизнесті қолдау

3.Ауыл шаруашылығын қайта дамыту және ауылды көркейту

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА. МЕМЛЕКЕТ АДАМ ҮШІН

1. Кедейшілікпен әлеуметтік жіктелуге жол жоқ!

2. Бағаның өсуін тоқтату!

3. Қарттарға – лайықты зейнетақы! Зейнеткерлік және сақтандыру реформасы

4. Еңбек қарым-қатынастар реформасы: «басы артық адамы » жоқ экономика

5. Тегеурінді кәсіподақтар

6. Қол жетімді баспана

7. Әрбір адамға заманауи денсаулық сақтау

8. Білімді азаматтар елі

9. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының сапалы қызметі мен әділ тарифтерге қол жеткізу

10. Гендерлік саясат

11. Жастар - еліміздің болашағы!

12. Қазақстан - біздің ортақ отанымыз!

 

ЭКОЛОГИЯ

ҒЫЛЫМ

ТІЛ, МӘДЕНИЕТ, РУХАНИЯТ

БҮГІНГІ ӘЛЕМДЕГІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

 

ҚАЗАҚСТАНҒА РЕФОРМАЛАР НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ

Біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы арманы болған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізгендігіне де жиырма жылдан астам уақыт өтті. Тәуелсіздік еліміздің мол мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халықты лайықты және заманауи тұрмыспен қамтамасыз етуге жол ашатын ұлы мүмкіндік. Алайда, талай жылдар өтсе де, біздің көптеген азаматтарымыздың тұрмыс-жағдайы жақсарудың орнына, күннен-күнге нашарлап барады. Бүкіл әлем серпінді дамуда, алға қадам басуда – ал біздің жерімізде уақыт тоқтап қалғандай.

Қазақстанның табиғи байлығы халықтың жағдайын жоғарғы әлемдік стандарт деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берсе де, халықтың 40 пайыздан астамы жоқшылықта өмір сүріп жатыр, ал тағыда 50 пайызы соның кебінін киюде! Қазақстан қазіргі заманға мүлде сай келмейтін сорақы әлеуметтік жіктелудің мекеніне айналды! Елдегі 10 пайыз ең бай адамдардың табысы - сондай пайыз жағдайы аса нашарлардың табысынан 40 есе асып түсуі – халқымыздың тұрмыстық қал-ахуал жағынан жіктелуін әлемдегі әлеуметтік кикілжің тудыруға әкелетін ең жоғары деңгейінің көрсеткіші!

Тәуелсіздік деген ұғымды - халықтың мүддесі үшін, оны туған жерінде нығайтып, барлық материалдық және зияткерлік мүмкіншілікті Қазақстанның жан-жақты дамуына қолданудың орнына – елде басшылығы ауыспайтын, авторитарлық, ашығын айтсақ, феодалды-патронаждық билік жүйесін қалыптастырды. Мемлекет билік элитасының жемқорлық тетігіне – оның қоғам байлығын меншіктеп, халықтың мүлкін жеке пайдасына иемденуіне мүмкіншілк беретін, осылай қалыптасқан тәртіптің түпкілікті орнауының идеялық негізі және қорғаушы құралына айналды. Нәтижесінде бұл жол, байлық пен капиталды шетелге асыруға негізделген шикізатқа тәуелді экономикаға, биліктің өз халқына деген антиәлеуметтік көзқарасына, басқаша саяси ой-пікірге деген шыдамсыздыққа, өмірдің барлық саласындағы үдей беретін әділетсіздікке әкеп соқтырды.

Біз осындай жағдайларға көзіміз жетіп отырса да, оны түзету мүмкін емес деп есептеп, төзімділік танытамыз, тіпті мемлекеттің өзін де, барлық ұлттық байлықтарымызды да өзімізге ешқандай қатысы жоқ, абстракті ұғым ретінде қабылдаймыз. Біз қоғамымыздың өркендеп дамуының жолдарын, мақсаттары мен айқын болашағын елестете алмағандығымыздан – өзіміздің ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы азаматтық жауапкершілігімізді сезіне алмаймыз.

Мұның бәрі қоғамдағы ауызбіршілікке жік түсіріп, алаңдаушылық пен үрейді күшейте түседі, әлеуметтік толқуларды туындатып, экстремизм мен лаңкестіктік әрекеттердің ұлғайуына жол ашады.

Қазақстанның тәуелсіздігіне қатер төндіретін, алдын ала ойластырылмаған халықарарлық интеграциалық бастамалар да бүгінгі билеуші топтың шіміркпейтін өзімшілдігі мен “уақытша” психологиясының, олақтығы мен жауапсыздығының салдары деп білу керек. Қорыта айтқанда, Қазақстанда елді басқарушы топтың мақсаттары мен халықтың алға қойған мақсат- мүдделері көбінесе бір біріне сәйкес келмейтін, қарама қайшы түсініктер туғызатын жағдайда қалыптасуда.

Президенттің «Қазақстан-2030» бағдарламасының мерзімнен бұрын аяқталғанын жариялап және 2050- ші жылға дейін жоспарланған Стратегияны ұсынуы биліктің қоғамдық өмірдің барлық салаларында тоқырауды консервациялайтын саясатының тұрақты бекігенін, көрсетеді. Биліктің осындай, барлық әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларды тығырыққа тіреуінің нәтижесінде елдегі тұрақсыздық күшейіп, халық наразылығының толқуларға ұласуы әбден мүмкін!

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯ (ЖСДП) елдегі жағдайдың бұлай қалыптасуына жол бермеу керек деп есептейді! Қазақстан халқы елдегі жағдай туралы барлық шындықты, үрей мен дағдарыстың шырмауынан шығып, қазіргі заманғы дамудың даңғыл жолына қалай қадам жасауды білуі тиіс!

Біздің партия мұндай мақсатқа қол жеткізудің аса тиімді жолы –социал-демократиялық жол екеніне сенімді!

 

РЕФОРМАЛАР НЕГЕ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БОЛУЫ ТИІС

 

Социал-демократиялық идеология – адамзаттың басты саяси жетістіктерінің бірі болып табылады. Ол озбырлық әрекеттер арқылы емес, келісім мен әлеуметтік әріптестік негізіне сүйенген жоспарлы өзгерістер арқылы жүзеге асырылатын әділетті қоғам туралы бүкіл әлемдік идеялардың даму нәтижесі.

Социал-демократиялық партиялардың халықаралық бірлестігі –

Социалистік Интернационалдың берген анықтамасы бойынша: социал-демократия – бұл «парламенттік демократия мен құқықтық мемлекет негізінде жасаған әр қадамын кемшіліктер мен таптық бөлінуді жоюға бағыттайтын, мемлекетте, экономикада және қоғамда демократияны жүзеге асырып… сонымен қатар жеке және рухани бостандықпен қамтамасыз етіп, сол арқылы өз құндылықтары - еркіндік, әділеттілік пен ынтымақтастыққа қол жеткізіп, қорғайтын қоғамдық үлгі».

Іс жүзінде, социал-демократия одан да маңызды тарихи міндетті орындауда. Атап айтқанда, бүгінгі күні басымдық танытып отырған әлеуметтік-экономикалық және саяси жағынан артта қалған елдер есебінен өмір сүріп отырған тарихи болашағы жоқ алыпсатар-өсімқор капитализмді біртіндеп өзгертіп, оның орнына халықаралық қарым–қатынаста әділеттік орнатып, нарықтық экономикаға алдын-ала ойластырылып жасалған мемлекеттік реттеулер арқылы барлық адамзаттың жаппай, жан-жақты және тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, материалдық игілікті олардың әл-ауқатының ұдайы өсуі үшін әділетті түрде бөлуді жүзеге асыруды мақсат етеді!

Жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын бейбіт түрде талап етуімен өзін-өзі ұйымдастыру идеологиясы түрінде 19 ғасырдың ортасында пайда болған социал-демократия біртіндеп келе әлемдегі ең бір алдыңғы қатарлы саяси күшке айналды. 8 сағаттық жұмыс күні, еңбек ету жағдайына жоғары талаптар қою, тәуелсіз кәсіподақтар, ұжымдық келісімдер, еңбек демалысы мен еңбекке жарамсыздығы үшін төлем жасалуы, мемлекет пен жұмыс берушінің өз әлеуметтік міндетін түсінуі, саяси бостандықтың дамуы, гендерлік теңқұқылық – міне, осының бәрі социал-демократияның жеңісі. Жаңа тарихы көп жағдайда социал-демократиялық реформалар нышанымен жүзеге асқан мемлекеттердің бүгінде дамыған және саяси тұрақты мемлекеттер қатарына жатуы тегін емес, олардың қатарына – Швеция, Финляндия, Германия, Англия, Франция, Дания, Нидерланды және т.б жатады. Соңғы жүз жылдағыдай, бүгінде бұл идеялар әлемнің түкпір-түкпіріндегі көптеген елдердің даму стратегиясын анықтап, сол арқылы дүниежүзілік саясатта болып жатқан «солшылдық бетбұрыстың» негізі болып тұр.

Бүгінде социал-демократия құндылықтарының, «Еркіндік, Әділдік, Ынтымақтастық» деген біздің ұранымыздың жүзеге асуы Қазақстан үшін тек өзекті мәселе болып қалмай, өмірлік маңызы бар талапқа айналып отырғанына біз сенімдіміз!

Қазақстанның шикізатқа тәуелділігін тудырған түрлі қауіп-қатер мен дағдарыстарға жауап ретінде – мемлекет егемендігі және қазақстандықтардың өмірін жақсартудың қайнар көзі болып табылатын тек қана қазіргі заманғы және бәсекелестікке қабілетті жасампаз экономика!

Қоғамда шиеленістің өсуіне, азаматтардың өз елін жатсынуына әкеп соғатын әлеуметтік қорғансыздыққа жауап ретінде – «адам үшін», оның мүдделері үшін аса маңызды әділдік принциптерін жүзеге асыратын әлеуметтік жауапты мемлекет құру болып табылады!

Билік пен халықтың арасындағы әлеуметтік және ділдік шыңырауға жауап ретінде, билеуші топтың шексіз бақылаусыздығын, өз елін басқаруда халықты шеттетуді тоқтату үшін – Қазақстан Республикасының тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен толықтай дамуының кепілі ретінде институционалдық демократиялық жүйе құрудан басқа тарихи жол жоқ!

Халықтың мұқтажы мен еліміздің стратегиялық мүдделерін басшылыққа ала отырып, социалдемократияның миссиясы мен рөліне сенім артып, оның ең озық әлемдік практикалық тәжірибесін жинақтай келе – біз Қазақстан халқына өзіміздің Социал-демократиялық баламамызды ұсынамыз!

Бағдарламаны жүктеу




Астаналық филиал

site Нұр-Сұлтан қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Нұр-Сұлтан қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыз

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов