Заявление председателя ОСДП Жармахана Туякбая

Соңғы кездері, мессенджерлер арқылы авторы белгісіз «Президентке ашық хат!» деген ақпарат таратылып жатыр. Сол хатта бірқатар саяси және қоғам күштерінің қолы қойылған, соның ішінде біздің партия да бар.

Аталмыш хатқа қатысты біздің партияға хабарласып, қолдауымызды ешкім сұрамаған болатын, сол себепті президентке жазылған хатқа ЖСДП-ның еш қатысы жоқ екендігін ресми түрде мәлімдейміз.

Біздің ойымызша, бұл хатта көбінесе дұрыс және өзекті мәселелер көтерілген, дегенменде бұндай құжаттарды қарапайым да, қолдау жайлы ашық келісу процедурасы бар екенін ойдан шығармаған дұрыс. Осындай жағдайлардың қайталанғаны бірінші рет емес.

Партия барлық демократиялық бағыттағы ұйымдармен және қоғам белсенділерімен келіссөз жүргізуге, сонымен бірге социал-демократиялық ұстанымға қайшы болмаған жағдайда, бірігуге ашық екенін әрдайым мәлімдейтін.

Сонымен қатар, ЖСДП әрдайым демократиялық принциптерді және ішкі нормативті құжаттарды ұстанады, яғни, кез-келген жоғарыда айтылғандай жолдаулар, партия саяси кеңесінде және президиумында талқыланып, дауысқа салу арқылы ортақ шешім шығарылады.

Осындай саяси-қоғамдық құжаттардың астында біздің партияның қолдауы немесе қолы пайда болуы талай рет қайталанып жатыр. Ендігі кезекте кез-келген құжатта ЖСДП-ның қолы немесе қолдауы бар коллективтік жолдауларды, партияның ақпараттық хабарламасымен толықтыратын боламыз. Партия тарапынан ақпараттық хабарламасы жоқ мәліметтерді, ЖСДП-ға еш қатысы жоқ деп санауларыңызды сұраймыз.

Астаналық филиал

site Нұр-Сұлтан қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 707 527-07-54

siteastana@osdp.kz

Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Нұр-Сұлтан қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыз

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов