ЖСДП Саяси кеңесінің ҚАРАРЫ

Елімізде маңызды саяси өзгерістер болып жатыр. Олардың маңыздылығы артып, анық байқалуы биліктік қатынастарға ғана емес Қазақстан халқының болашағына да әсер етеді. Соның ішінде демократиялық институттардың белгілі бір алғышарттары пісіп-жетілуде. Саяси партия құру, бейбіт жиындар өткізу, әділ сайлау құқығы сияқты азаматтардың Конституциялық құқықтарының мәселелері объективті түрде алдыңғы орынға шықты. Жұртшылықпен тізе қоса қимылдаудың көптеген түрлерін қолдануда, партия құрлысын жасауда ұзақ жылғы тәжірибесі бар ЖСДП, Қазақстанның жан-жақты дамуының мәселелерін қоғаммен бірге талқылауға, қоғаммен тізе қоса қимылдау тәжірибесін ұсынуға дайын. Біздің партия, мәселелердің шешілуін, бұған Азаматтық қоғамның барлық жіктерінің барынша қатыстырылуына, іс жүзінде билік пен жалпыұлттық конструктивті, кеңейтілген диалог орын алған жағдайда ғана жүзеге асатынын толықтай түсінеді. Бар күшімізді салып осыған ықпал етуге дайынбыз.

Тарих табиғи жолмен жаңарып отыр, көз алдымызда билікте де, қоғамдық пікір көшбасшылары арасында да саяси буындардың алмасуы жүріп жатыр. Бұл процесстер ЖСДП партиясында да жүрді, соңғы айларда ЖСДП-ның басшылық құрамында және тұтас кадрлық құрамында салмақты өзгерістер болды, осыған сәйкес партия құрылымы біршама жетілдірілді, жұмыстың жаңа түрлері мен әдістері анықталды.

Осыны негізге ала отырып ЖСДП Саяси Кеңесі мәлімдеме жасайды, ол дегеніміз:

• Қазақстанда социал-демократияның мұраттарының Бостандық, Әділдік, Ынтымақ және демократиялық, әлеуметтік мемлекет құруын қамтамасыз ету үшін жаңа күштермен жұмысын жалғастырады

• Азаматтық қоғамның партия мен ел өміріне қатысуын кеңейтуге бар күшін салады. Бұл ЖСДП-ның барлық аймақтық құрылымдарына да қатысты;

• Айрықша маңызды заңшығарушылық альтернативасын әзірлеуді қамтамасыз етіп, "Сайлау туралы"," Саяси партиялар туралы", "Бейбіт жиындар туралы" конституциялық жаңа заң жобаларын жасау;

• Қазақстанды әлемдік социал-демократиялық қозғалысқа интеграциялау үшін халықаралық бағыттағы белсенділігін күшейтеді;

Біз, ЖСДП-ның одан әрі дамуында демократиялық оппозиция мен партия құрлымының дәстүрлері мен құндылықтарын сақтап, құрметтейміз, партияның іргелі құжаттарын бұлжытпай орындайтынымызды мәлімдейміз.


Астаналық филиал

site Нұр-Сұлтан қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 707 527-07-54

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Нұр-Сұлтан қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыз

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов