ЖСДП 14-съезінің қарары

Алматы қаласы
26 сәуір 2019 жыл

Біз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 14-съезінің делегаттары, партияның Саяси кеңесінің ұсынысын мақұлдап, үстіміздегі жылы 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына Ермұрат Бапидың президенттікке үміткер ретінде қатысуын қолдаймыз және елдегі саяси жағдайды талқылай келе, төмендегідей мәлімдеме жасаймыз.

Елде тағы да кезекті рет «кезексіз» президенттік «таңдаусыз сайлау» өткізу механизмі іске қосылды. Бұл дегеніміз – сайлаушылардың өз еркін білдіруіне қарсы әкімшілік ресурстарды шегіне жете жұмылдыру, жаппай бұрмалаушылық және сайлау заңдылықтарын бұзушылық, сөйтіп халықтың ой еркіндігін өрескелдікпен масқаралау және ерсі әзілге айналдыру.

Алдын ала қасақана ойластырылып, жылдамдата сайлау өткізу үрдісі қазіргі биліктің мерзімін ұзарту формасына алып келді – өйткені оппозиция өкілін сайлауға ұсыну мүмкіндігі шектеулі екендігі аз болғандай, уақыттың онсыз да тапшылығы бір жағынан қысып, дайындалуға еш мұрша бермей жатыр.

2011 және 2015 жылдары дәл осы себептердің салдарынан ЖСДП «президенттік сайлауға» қатысудан әдейі бас тартқан еді.

Ал бүгінгі мына жағдайда, яғни саяси алаңды билік толығымен тазартып, бейбіт жиындар мен сөз еркіндігіне қатаң тосқауыл қойылып отырған тұста жағдай одан сайын шиеленісіп отыр.

Қалай болса солай, немқұрайлы өтетін мұндай ойыншық сайлау өз жасампаздығын ешқашан өзгермейтін қазіргі режиммен байланыстыратын биліктен басқа ешкімге керек емес. Ал еліміздің келешегі үшін мұндай әрбір жаңа «таңдаусыз сайлау» – тарихи тығырыққа апаратын тура жол, деп ойлайды партия.

Қорытындылай келе, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мұндай ойыншық сайлауға қатысуды саяси парықсыздық деп санайды және мұндай масқаралыққа, көзбояушылыққа жол бергісі келмей, өз үміткерін сайлауға қатысуға ұсынудан бас тартады. Әйтсе де біз алдағы сайлау науқанында өз бағдарламамыз бен идеялық ұстанымымызды насихаттау құқығын сақтап қаламыз.

 


Астаналық филиал

site Нұр-Сұлтан қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Нұр-Сұлтан қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыз

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов