Socialist International

Социалистік интернационал

20 шілде 2021 жыл

Жалпыұлттық социал-демокартиялық партия төрағасы

Асхат Рахимжановқа

Қымбатты достар, құрметті жолдастар!

Біз Қазақстандағы сайлау заңнамасына ауылдық округ әкімдерін тікелей дауыс беру арқылы сайлауға мүмкіндік беретін түзетулердің қабылданғаны туралы жаңалықты естігенде қуанышты болдық. Бұл сіздің елдегі демократияны жоғарылатудағы көптен күткен қадам, сондықтан бүгін біз сізді күш салып жүзеге асырғаныңызбен құттықтаймыз.

Сіздің 25 шілдеде өтетін жергілікті билік өкілдерінің сайлауы Қазақстанның тәуелсіздік алғалы 30 жылдағы алғашқы ерекше сайлау ретінде маңызды болмақ.

Осы айтулы күні біз сіздің паритияңызға және оның өкілдеріне сәттілік тілейміз.

Демократияны кеңейту және тереңдету, барлығының құқықтарын құрметтейтін әділетті қоғамды қамтамасыз ету үшін күресте сіз Социалистік интернационалдың толық қолдауы мен ынтымақтастығына ары қарай да сене беруіңізге болады.

Достық тілекпен, ізгі ниетпен, 

Социалистік интернационал Бас хатшысы 

Луис Айяла 

Байланыс

Нұр-Сұлтан қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыз

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов