Жаңалықтар

Поделиться

Талдықорған қаласының шетінде орналасқан ресми атауы жоқ, халық арасында "Үшінші отделение" деп аталып кеткен ықшам аудан тұрғындары ЖСДП-ның Алматы облысы филиалына хабарласып, электр қуаты, су мәселелерін шешуге көмектесуді өтінді. Филиал төрағасы Қуат Күнболатов сол ықшам ауданға барып, халықпен кездесіп, жағдайды өз көзімен көріп қайтты.

Бұл ықшам аудан тұрғындары қала тұрғындары болып саналғанымен, тоқалдан туғанның кейібін кешуде. Талдықорған қаласының әкімдігінің көмегін күтіп-күтіп шаршаған халық, су мен электр қуатын көрші орналасқан аудандардан өз күшімен, өз қаражатына тартып алған болатын.

Электр бағандарының түрі тіпті адам қорқарлық. Жерге таяқтардан баған жасап, қадап қойған. Қауіпсіздік шаралары туралы айтпа-ақ қоюға болады. Кей жерлерде балаларға қолжетімді биіктікте орналасқан. Демек, балалардың электр тоғына түсу қауіпі жоғары болып отыр.

Қазіргі таңда өлместің күнін кешіп жүрген аудан тұрғындары ауыз суымен де қамтамассыз етілмеген. Көрші ықшам аудандарға барып жатқан су құбырларынан кейбір тұрғындар қосылып су алып ішеді. Оның өзі құбырларға жақын үйлер, ал қалған тұрғындар бір-бірінен су тасып ішулеріне тура келеді.

Оған қоса балаларды мектепке жеткізу проблемасы өз алдында. Сабаққа жету үшін, қасында өтіп жатқан республикалық тас жолдан өту қажет. Демек, балалардың көлік астына да түсу қаупі бар. Сондықтан, қоғамдық көлік ықшам аудан ішінен тоқтап өткенін талап етіп келу желгілік тұрғындар, бірақ оны еститін құлақ жоқ.

Сонымен қатар қазіргі заманның басты тағы бір мәселесі, ол - интернеттің нашар жылдамдығы. "Алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарына қосыламыз деп үкіметіміз ауыз толтырып айтады, ал алыс ауылдар тұрмақ қала ішіндегі ықшам ауданда интернеттің жылдамғы өте баяу істейді. Қазіргі эпидемиялық жағдайдың кесірінен балаларымыз арақашықтықтан оқыту жүйесіне көшті, ал сонда нашар интернетпен қандай білім алу болатын түсінетін шығарсыздар!?!" - дейді ауылдың көпбалалы аналары.

Қала әкімі болса бұл ықшам ауданды мүлдем көргісі келмейтіні айқын. Ең болмағанда тұрғындардың бұл жерде тұрып жатқан 7-10 жылдың ішінде, автобуспен тасымалдау тәрізді қарапайым сұрақтар шешілуші еді.

Негізі "Үшінші отделение" деген жер, ол ықшам ауданнан сәл ары орналасқан ауылдың атауы. Мүмкін ауданның аты болмағаннан жергілікті билік ол жерді естен шығарып та алған шығар.

Шешуді қажет ететін ықшам ауданның айтылмаған да мәселелері көп, бірақ, аудан тұрғындары ЖСДП Алматы облысы филиалына жоғарыда көрсетілген негізгілерін шешіп берілуіне ықпал етуге өтінішін білдірді. Алматы облысы филиалы төрағасы Қуат Күнболатов бұл мәселе енді ЖСДП партиясының қадағалауына өткені туралы мәлімдеді.

ЖСДП Талдықорған облыстық филиалының Басасөз бөлімі 

Астаналық филиал

site Нұр-Сұлтан қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Нұр-Сұлтан қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыз

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов