Жаңалықтар

Поделиться

 

Әлемді жайлаған пандемия Қазақстанды да айналып өтпеді. Еліміздегі статистикаға сүйенсек, біздің Атырау облысы ауырғандар саны бойынша көш бастап тұр. Аурумен бетпе бет келген облыс тұрғындары керек дәрінің тізімін алып жанұшырып дәрі іздесе, кейбір дәріханалар пайда табу мақсатында дәрі бағасын жанталаса көтеруде. Дәріханалардағы ұзын сонар кезек пен ауруханаларда оттегі баллондарына тәуелді болып қиналып жатқан науқастар. Атыраудың аптап ыстығында сасық иістің кесірінен терезе аша алмай, таза ауамен тыныстау арман болды тұрғындарға. Қазақстанның мұнайлы өлкесінің бүгінгі жағдайы осындай.

Бірнеше жылдар бойы Атырау қаласы мен қала маңындағы елді мекендерде түн болса ауаны сасық иіс жайлайтын болды. Жергілікті тұрғындар короновирустан облыстың алдынғы орындарда тұрғандығын мұнай компанияларының ауаға шығарып жатқан күкіртсутектен тұрғындардың көпшілігінде аллергия мен тыныс жолдары аурулары пайда болып, иммундық жүйелері әлсіреуімен байланыстырады.

Экология департаменті қоршаған ортаны ластағаны үшін компанияларға айыппұл салумен ғана шектеледі. Мұнай саласындағы алпауыттарға айыппұл төлеу түк емес, төлей сала жұмысын сол күйі әрі қарай жалғастырады.

Мұнай өндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқан аймақта қоршаған ортаны қорғау үнемі өткір проблемалар қатарында. Қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту – жергілікті атқарушы органдардың міндеті. Ал жергілікті билікке халықтың көңілі толмайды.

Пандемия кезінде жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер жұртшылыққа дәрі-дәрмекпен азық-түлік жеткізіп, ауруханаларды оттегі баллондарымен қамтамасыз етуде.

Ал, Атырау қаласындағы маса бұл жаз сайын жыр болған тақырыпқа айналды. Маса улау жұмыстарына жүздеген миллион теңге бөлініп, үнемі жүргізілгенімен, сол қаражаттың нақты нәтижелер үшін жұмсалып жатқандығына атыраулықтар сенімсіздікпен қарайды.

Бірнеше айларға созылған карантин мен пандемиялық үрейден шаршаған, тұрақты табысы болмай, күнделікті тұрмыс-тіршілігі нашарлап, кредитін төлемегені үшін банкттер алқымынан алған облыс тұрғындары тамыз айынан бастап энергия бағасының көтерілуіне де наразы. «Пандемия жойылып, халықтың табысы тұрақталып, тіршілігі түзелгенше коммуналдық төлемдер өспесін» дейді халық.

Мың күн сынбаған шынының бір күнде шытынауы мүмкін екенін ескерсек, халықты толғандырған мәселелер шешімін таппай жалғаса берсе, ашынған халықтың арасынан көпті бастайтын батырлар алаңға шығып, шенділерден жауап талап етуі әбден мүмкін.

Халықтың мұң-мұқтажына назар аудар, билік!

Нұрайнаш Камалова, ЖСДП Төралқасының мүшесі 

Астаналық филиал

site Нұр-Сұлтан қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Нұр-Сұлтан қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыз

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов