Жаңалықтар

Поделиться

 

Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Атырау облыстық филиалы «Жайық тағдыры–халық тағдыры» деген атпен экологиялық іс-шара ұйымдастырды.

Мамандардың зерттеуі бойынша еліміздің батыс бөлігіндегі екі облысты басып өтетін, көлемі жағынан Еуропа бойынша үшінші орында тұрған Жайық өзені экологиялық апатқа ұшырауда. 2019 жылы өзен суының ластануы ең соңғы - бесінші деңгейге жеткен.

"Біз Жайық өзенінің экологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайына билік өкілдерінің және қоғамның назарын аударту мақсатында өзенінің жағасын қоқыстан тазалау акциясын өткізіп жатырмыз. Себебі, Жайық тағдыры – өзен бойын жағалай қоныстанған халық тағдыры" - деді ЖСДП-ның Атыраудағы басшысы Нұрайнаш Камалова.

Жайық суының деңгейі жыл сайын азайып келуде. Өзен суының таязданып, тартылғаны соншалық, кей жерлерде аралдар пайда бола бастаған. Сонымен қатар өзеннің өндіріс қалдықтарымен ластануы, судағы балықтардың қырылуы жұртшылықты алаңдатып келеді.

"Талай ғасырлық тарихтың куәсі болған Ақ Жайықты келешек ұрпақ үшін сақтау біздің парызымыз" - деп дабыл қағуда ЖСДП мүшелері.

Сонымен қатар партия белсенділері жергілікті билікке Жайықтың экожүйесін жақсартып, ластануын тоқтатып, өзен суының көлемін арттыру үшін мемлекеттік деңгейде ғылыми комиссия құрып, өзенді зерттеу жөнінде көлемді жұмыстар жасалуын талап етті.

ЖСДП Атырау облыстық филиалының Баспасөз қызметі 

Add comment

Security code
Refresh

Астаналық филиал

site Нұр-Сұлтан қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Нұр-Сұлтан қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыз

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов