Жаңалықтар

Поделиться

ЖСДП АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Осы жылдың көктем айларында мыңдаған азамат өңір аумағында қызмет еткен қаржы ұйымдарының қызметі салдарынан зардап шекті. Жоғары пайыздық үстемемен төлемақы берумен айналысқан бірнеше қаржылық ұйым өз жұмыстарын ашықтан ашық жүргізіп, көптеген салымшыларды тартты. Жоғары пайыздық үстемені алу үшін көптеген салымшылар несие алып, үйлерін, көліктерін осындай қаржы ұйымдарына өткізді. Нәтижесінде ол ұйымдар полиция тарапымен жабылып, кейіннен бұл ұйымдар «қаржылық пирамида» құрумен айналысқандар боп шықты. Қаржылық пирамида ұйымдарының кейбір жетекшілері құрықталып, қылмыстық іс қозғалған. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, салымшылар шамамен 5 млрд теңгеге зардап шеккен.

«ЖСДП» Ақтөбе облыстық филиалы қаржылық пирамида ұйымдарының қызметін дер кезінде құрықтай алмаған жергілікті уәкілетті құқық қорғау органдарының қызметіне сыни көзқараста. Атқарушы билік өз азаматтарын алаяқтардың арбауынан сақтап қалу үшін дер кезінде тиімді шара қолдана алмады. Жергілікті билік тарапынан осы мәселені шешуге тапсырма берілгенімен, құқық қорғау органдарынан әлі де болса мардымды нәтижелер көрінер емес. Партия филиалы бір топ зардап шеккен азаматтармен өз жұмыстарын жүргізуде және олармен байланыста.

Соған орай, «ЖСДП» партиясының жергілікті филиалы билік пен құқық қорғау органдарын қаржы пирамидаларының кесіріне зардап шеккен азаматтардың құқын қалпына келтіру бойынша батыл және нәтижелі қадамдар жасауға шақырады. Сол арқылы, өз азаматтарын қорғай алатын мемлекет мәртебесін сақтап қалады деген сенім білдіреді. Сондай ақ, тиісті органдардан аталмыш даулы істер бойынша нақты ақпарат беруін сұрайды.

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметі 

Астаналық филиал

site Нұр-Сұлтан қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Нұр-Сұлтан қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыз

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов