Жаңалықтар

Поделиться

 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қоғамды тұрақсыздандыратын мәселелерді әрқашан басты назарда ұстайды. Оның бірі - жұмыссыздық. ЖСДП Атырау облыстық филиалы облыс жастары арасындағы жұмыссыздық мәселесін көтеріп, онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Абеуов Думан Әлиясқарұлы қатысып, облыс бойынша атқарылған шаралар туралы айтты. Оның ішінде қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек келісім шарты, жұмыскердің құқықтары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек қатынастарындағы жұмысшы құқығының бұзылуы және жұмыспен қамту саласындағы құқықтар мен кепілдіктер туралы кеңінен түсінік берді.

Жалпы жұмыссыздық, соның ішінде жастардың жұмыссыздығы қай елдің болмасын жедел шешімін табуды талап ететін мәселесі болып табылады. Оның үстіне биыл әлемді жайлаған пандемия кезінде жұмыссыздық өзекті мәселеге айналғанын көріп отырмыз. Жұмысқа орналаса алмаған жастарымыздың еңбекке деген құлшынысы азайып, тұрмысы нашарлап, күн көріс деңгейінің төмендеуі бәрін алаңдатуда.

Соңғы жарты жылда жас отбасылардың ажырасуы да күрт көбейіп кетті. Қанша отбасы баспана тауқіметін тартып жүр. Әрине бұл мәселе тікелей біздің еліміздің демографиялық саясатына кері әсерін тигізіп жатыр. Сонымен қатар кей азаматтар күнін көру үшін заң бұзушылықтарға дейін баруға мәжбүр.

Жастар–еліміздің болашағы десек, жұмыссыз жастардың санының өсуі мемлекетіміздің болашағына төнген қауіп!

Жастар арасындағы жұмыссыздықты жою, мамандық таңдаудағы қателіктер, диплом бойынша жұмысқа орналасудың қиындығы, жұмыссыздықтың алдын-алу үшін мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ой бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге шақырылған Серік Қамидоллаұлы Қамидолла басқарып отырған Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Роллан Қабылұлы Құспан басшылық ететін Атырау Облыстық Жастар Саясаты Мәселелері Басқармасы, Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қатыспауы мемлекеттің болашағына немқұрайлылықпен қарау деп түсінеміз.

Жастар арасындағы жұмыссыздықтың бар екені рас, бұл мәселені ашық түрде қоғам болып талқыламаса, жұмыс іздеу, қайта кәсіби даярлау курстары жөнінде, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттар беріліп, жұмыссыздықты шешуге ұмтылмаса, қоғамда әлеуметтік толқулардың болуы әбден мүмкін.

Қазақстанды жұмыссыздықтан арылту арқылы біздер елімізді ең үздік мемлекеттер қатарына шығара аламыз!

Жұмыссыздық түбегейлі шешілгенше күн тәртібінен түспейтін мәселе. Еліміздің ертеңі, жастарымыздың жарқын болашағы жолында жұмылып, бірлесе жұмыс жасайық!

ЖСДП Атырау облыстық филиалының баспсөз қызметі 

Астаналық филиал

site Нұр-Сұлтан қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Нұр-Сұлтан қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыз

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов