Жаңалықтар

Поделиться

Мирамбек Камалов, ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы

Қазақстанның барлық ауылдық округтері, аудандары, қалалары мен облыстары әкімдері жыл сайын тұрғындар алдында атқарған жұмыстары туралы есептерін беріп, келер жылдың межелерін белгілеп жатыр. Осыған байланысты Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Ақтобе облыстық филиалының төрағасы Мирамбек Камалов Ақтөбе қаласының Алматы және Астана аудандарының және қала әкімі А. Шахаровтың қоғамдық кеңес алдындағы есеп беруіне қатысты. 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары мен 2021 жылға арналған міндеттері туралы баяндамаларының тыңдап келесідей мәселелерді көтерді.

1. Қала бойынша атқарылған жұмыстарды оған тиесілі 2 аудан әкімі айтып берді. Былайша айтқанда тек статистикалық мәліметтерді келтірді. Ал проблемалық мәселелер айтылмады. Бұрыңғы ауылдық округтерді біріктіріп, қолында қаржысы, не аса өкілеттігі жоқ 2 аудандық әкімшіліктің қызмет аясын қайта қарау керектігін жеткізді.

2. Көгалдандыру мәселесі. Бұл мәселеге өз баяндамасында қала әкімі жіті тоқтағанымен атап өтпеске болмады. Өйткені, жылдағы есеп кезінде, әкім қаралар қаланы көгалдандырып, ну орман қылатындай жоспар жасағанымен, нәтижесін төмен.

3. Қоғамдық көлік мәселесі. Осыдан 2-3 жыл бұрын, жолаушылар тасымалдайтын алпауыт мекемелер, жолаушылар тасымалдау тарифін көтерсек жаңа автобус, іші таза болады деп уәде берген болатын. Өкінішке орай, оның бірі де орындалмағанын жеткізді. Баяғы жартас –сол жартас болып тұр.

Сонымен бірге, қаланың өсуіне байланысты жеке көліктер саны өсіп келеді. Ол кептелістердің пайда болуына әкеп соқтыратыны сөзсіз. Осыдан бір ай бұрын, қаланың даму концепциясын жергілікті атқарушы органдар ұсынғанымен, оның ішінде қоғамдық көлік даму мәселесі жоқ болатын. Сол кездегі М. Камаловтың ұсынысы бойынша, қоғамдық көлік мәселесі еңгізіліді. Жоғарыдағыларды ескере отырып, алдағы ұзақ мерзімді жоспарда жолаушылар тасымалдау көліктеріне басымдылық беріп, оны болашақтағы жаңа технологиясын ескере отырып, дамытуды қолға ала бастауды ұсынды.

Қоғамдық көліктерде қазіргі беріліп отырған жеңілдіктермен қатар, зейнеткерлер мен көпбалалы аналардың жеңілдікпен, ақысыз жүру реттерін қолдауды. Оны мақсатты, тиімді пайдаланылу механизмдерін ескере отырып шешу ұсынылды.

4. Көкөніспен қамтамасыз ету. Қазір көкөністердің бағасы еттің бағасына жақындап қалды. Неше түрлі жылыжайлар салғанымен, әлі де болса қала тұрғындарын қамту шамасы төмен секілді. Әкім есебінде, жылыжайлардың бірнеше тонна өндіргені көрсетілгенімен, қала халқын қамту шамасы көрсетілмеген. Қала басшысына кенде қалған осы салаға басымдық беруге назар аударуын айтты.

5. Жол қауіпсіздігі саласын бойынша. Полиция департаменті өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар, қоғам белсенділері арасында тоқсан сайын біріккен отырыс өткізіп тұруды ұсынды. Бұл саланы реттеу, органдар арасындағы өзара еркін пікір алмасу форматы ақсаңдаған соң, халықтың мүддесі ескерілмей жатады.

ЖСДП Баспасөз қызметі 

Астаналық филиал

site Нұр-Сұлтан қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Нұр-Сұлтан қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыз

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов