Жаңалықтар

Поделиться

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары ЖСДП-ның Семей қалалық өкілдігіне Курчатов қаласынан 130 шақырым жерде орналасқан флюорит минералынын кен өндірісімен айналысатын "Қаражал" кенішінің "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ далаға тазартудан өтпеген судың төгілуі фактісі бойынша жүгінген болатын. Семей қалалық өкілдігінің төрағасы Роллан Машпиев Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментi басшысы Данияр Алиевтың атына бұл мәселенің анық-қанығын біліп, тесеріс жасауын сұрады.

Сәуір айының 26 күні ШҚО бойынша экология департаменті" РММ ЖСДП-ның өтініші бойынша "Қаражал" кенішінің "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілгенін хабарлады. Департамент қызметкерлері "Қаражал" кенішіне барып, №1 шығарылым,№2 шығарылым ағызу көздерінен сынамалар алды.

Тексеріс барысында сарқынды суларды зертханалық-химиялық талдау нәтижелері бойынша ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрациясының асып кетуі анықталды.

Экология департаменті тексеру нәтижелері туралы акт жасап, бұзушылықты жою туралы нұсқама бергенін хабарлады.

ЖСДП Семей қалалық өкілдігі 

Астаналық филиал

site Нұр-Сұлтан қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Нұр-Сұлтан қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыз

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов