Жаңалықтар

Поделиться

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы №30212 әскери бөлімде орын алған Әлібек Қалбайдың өліміне күдікті ретінде қамауға алынған Айболат Аманжоловтың ата-анасы мен туысқандары Атырау облыстық әскери комиссариатының алдына әділдік іздеп жиналды. Бұл жерге Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Атырау облыстық филиалының өкілдері де келді.

Күдікті ретінде қамауға алынған Айболат Аманжоловтың кінәлі екеніне туыстары сенбейді. Туғандарының айтуынша, 31 мамыр күні Айболат уақытша ұстау изоляторынан Алматы қаласының тергеу абақтысына ауыстырылған, және бұл туралы адвокаты Сержан Пралиевке заңға сәйкесінше тергеуші ескертудің орнына, 1-маусым күні уақытша ұстау изоляторының басшысынан білгендігін хабарлады.

Басында оқиға орны мен сот-медициналық сараптаманың нәтижесінде марқұм Ә.Қалбайдың денесінде соққы мен гематома анықталмады деп ресми хабарланған, содан кейін бір ғана Петропавлдық сарбаздың куәлігімен А.Аманжолов кінәлі деп қамауға алынған.

Аманжоловтың туыстарының айтуынша, осы істе 3 күдікті болғанымен, екеуінің аты-жөні әлі жарияланбаған және марқұм Ә.Қалбайды «Айжамал» - деп атап мазақтаған әскери Ә.Д-қа да қатысты тергеу жұмыстары жүргізілмепті.

Жас сарбаздар Айболат Аманжолов пен марқұм Әлібек Қалбай екеуі де Батыс өңірінен болғандықтан достық қарым-қатынаста болған. Айболаттың өзі әлжуаз денелі, қатты соққы жасауы мүмкін емес - дейді туыстары.

Қамаудағы күдіктінің туыстары, оны ақкөңіл, мейірімді бала екенін айтады. Мектептегі ұстаздары ұстаздары оның мұндай қатігездікке баруы мүмкін емес деп, әділ тергеуді талап етіп, бұған дейін митинг ұйымдастырған болатын.

Жалпұлттық социал-демократиялық партияның «Әйелдер қанаты» Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы №30212 әскери бөлімде орын алған Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты жан-жақты, әділетті түрде тергеуді талап етеді!

Нұрайнаш Камалова, ЖСДП Атырау облыстық филиал төрайымы 

Астаналық филиал

site Астана қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Астана қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыздар

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов