Жаңалықтар

Поделиться

Еліміз бойынша нашақорлық көрсеткіші азаймай тұр. Атырау облысы бойынша да ақпараттар легі толастар емес, Атырау қаласында «закладчик» болған мектеп оқушысы жақында жеті жыл жарымға сотталды.

Қайыршақты ауылдық округіне қарасты «Көктем» ықшам ауданының тұрғындары синтетикалық есірткі «закладчиктеріне» шара қолдануды талап етіп көшеге шыққан болатын.

Есірткінің бағасы қымбат болғандықтан, жастар қолжетімді бағадағы трамадолды сатып алады. нашақорлар арасында үлкен танымалдылыққа ие трамадол препараты мен тропикамид тамшылары. Бұл препараттарға жастардың әуестігі артып, жасөспірімдердің арасында синтетикалық опиоидты дәрі–трамадол сәнге айналған десе болады. Себебі, трамадолдың әсерінен олар өздерін бақытты сезінеді, еркін ұстайды және салмақ тастай алмай жүрген толық балалар, трамадолдың әсерінен жүдеп, сымбатты болады.

Дәріханада қатаң рецептімен сатылуға тиісті бұл препарат өрімдей жастардың ағзасын улап, трамадолға тәуелділік рекордтық мерзімде, екінші немесе үшінші рет қолданғанда қалыптасады,- дейді мамандар.

Бүгінгі күні трамадол сатушылардың саудасы қызып тұр, «каспийголдқа» ақшасын төлетіп, Атыраудың мөлтек аудандарындағы көп қабатты үйлердің терезесінен трамадолды лақтырып емін-еркін сатуда.

Бұл жағдайға куә болған тұрғындар полицияға жүгінгенмен, ол нәтиже бермейді. Себебі, полиция алған препараттарды экспертизаға тапсырып, әкімшілік айыппұл салумен ғана шектеледі, өйткені, трамадол есірткі препараттары қатарына жатпағандықтан қылмыстық жауапкершілік қаралмаған. Айыппұлын төлегеннен кейін, саудасын жалғастыра береді.

Рецептсіз сатылмайтын трамадол және тропикамид сияқты психотропты препараттардың «сатушылардың» қолдарына қалай түсетіні құпия. Себебі, дәріхана иелерінің айтуынша бұл препараттар тізіммен беріліп, әр сатқан сайын электронды база арқылы құқық қорғау қызметкерлерінің тікелей қатаң бақылауында болады.

Жастардың тағдыры – ұлттың болашағы. Сондықтан, Қазақстанда да заңға өзгерістер енгізіліп, Украина, Белоруссия, Өзбекстан мемлекеттеріндегідей трамадолды наркотикалық препараттар қатарына қосу керек.

Қоғамды жайлаған дертпен күресіп, опоиоидты препаратты сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту керек.

Нұрайнаш Камалова, ЖСДП Атырау облыстық филиалы 

Астаналық филиал

site Астана қ., Шевченко к-сі 10/1, 203-кеңсе

site+7 701 653-24-37

siteastana@osdp.kz


Аймақтардағы филиалдар

Байланыс

Астана қ-сы, Т. Шевченко көшесі 10/1, 203-кеңсе

Жаңалықтармен таныс
болыңыздар

Сделано в IMA - создание и продвижение сайтов