
Абай облысы бойынша футбол ойынының қарқынды дамуы мен қатар мәселелердің шешілу жолдарын анықтау мақсатында ЖСДП Абай облыстық филиалының төрағасы Р.Сарманов біршама белсенділер мен жауаптыларды бір үстел басына жинады.
Жиналғандар қатарында «Елімай» ФК ардагері Сәрсенбеков Саясат Хасенұлы, спорт мектептерінің жетекшісі, Абай облысы футзалдарының аға жаттықтырушысы Ерохнович Артем Андреевич, Абай облысы футбол Ассоциациясы ҚБ жауапты хатшысы Бейсембаев Асхат Асқарұлын бар.
«Футболдың отаны саналатын Семейде спорттың бұл түрі Абай облысы болып құрылғаннан кейін ғана қайта жандана бастады. Осыдан 112 жыл бұрын тұңғыш қазақстандық «Ярыш» футбол командасының құрамында жерлесіміз, көрнекті классик-жазушы Мұхтар Әуезов ойнаған болатын. Содан бері футбол клубының атауы бірнеше рет өзгеріп, 1994 жылдан бері бүгінгі күнге дейін «Елімай» атауымен тұрақтанып, Абай облысының Семей қаласы халықтың жүрегінде қазақстандық футболдың отаны болып сақталған» - деп Саясат Хасенұлы тарихтың тамырына көз жүгіртіп.
«Спорттың дамуына кедергі келтіретін жергілікті клубтарға қаржының жетіспеушілігі, футзалдар мен сапалы алаңдар, жаттығу базаларының болмауы, сондай-ақ, білікті жаттықтырушылар мен медицина мамандарының жетіспеушілігі спортшылардың дайындық сапасына әсер ететіндігі және жергілікті, аймақтық жарыстарға қатысудың шектеулі болуы командалардың дамуына қиындық тудыратындығын»,- деп айтып өтті Артем Андреевич.
«Спортты дамыту мақсатында Абай облысында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Семей қаласы бойынша,- "Пищевик" стадионында 12 мың орындық жаңа футбол стадионын салу жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде, жобаны іске асыру мерзімі 2026 жыл.
- Сондай-ақ, облыс әкімдігі мен Freedom Holding арасында жаңа жабық футбол манежін салу туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл "Елімай" академиясындағы балалардың жыл бойы футболмен айналысуға мүмкіндік береді. Жоба 1 млрд теңгеден астам инвестицияны көздейді. Манеж құрылысының аяқталу мерзімі 2025 жыл» - деп Бейсембаев Асхат Асқарұлы атап өтті.
-
Жиында Абай облысындағы футболдың дамуы мен қаржыландырылуы, инфрақұрылымы мен жастар футболын дамытуын және т.б. мәселелер көтеріліп, талқыланды. Дөңгелек үстел қатысушылары орын алған мәселелерді шешуде және алдағы уақытта Абай облысында футболды дамыту бойынша іс шараларды облыстағы саяси партия филиалдары мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асыруды ұсынды!
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Абай облыстық филиалы