Абайлықтардың өңіріндегі ұялы байланыс операторлар қызметіне көңілі толмай отыр

3G, 4G және 5G технологиялары енгелі, абоненттер ұялы байланыс желілері арқылы интернет желісіне қол жеткізді. Елімізде 18 миллионнан астам мобильді интернет абоненті бар. Ұялы байланыс абоненттері арасында интернеттің ену деңгейі 70%-ды құрайды.

Ұялы байланыс тарифтерінің өсуі халықтың әлеуметтік жағдайына әсер етуде. Мысалы, Семейдегі көптеген қала тұрғындары байланыс сапасының нашарлығы мен интернет жылдамдығының төмендігіне, жиі үзілістердің орын алатынына шағымдануда. Алайда, операторлар өздерінің қымбат тарифтерін негіздеуде, сапаның төмендігін ескермей, көбіне желідегі шамадан тыс салмақ пен техникалық жағдайлар туралы сылтауларды алға тартады. Білуімізше жыл соңына қарай Актив, Кселл операторлары тарифті көтермек. Халықтың әлеуметтік жағдайын ескеру қажеттігі айтылғанымен жауапты Министрлік тарапынан нақты қадамдар жасалмай отыр. Бір өкініштісі "Байланыс туралы" заңның 20-бабына сәйкес операторлар байланыс қызметінің тарифтерін өздері қояды. Кейбір операторлар тарифтерін көтеруді жалғастыра отырып, әртүрлі «қосымша» қызметтерді ұсына бастады. Әдетте бұл қызметтер сапасыз болғандықтан, тұтынушылардың көбісі қосымша төлемдер жасап, тарифтері бойынша келісілген шарттардан шығып кететіні туралы ЖСДП Абай облыстық филиалының белсенділері жүргізген сауалнама мен зерттеу нәтижесінде біршама олқылықтар белгілі болды.

Мәселенің мәніне үңілген ЖСДП Абай облыстық филиалы облысының цифрлық технологиялар басқармасының “Ақпараттық технологиялар орталығыˮ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Абзал Серікұлымен кездесті. Кездесу барысында Абзал Серікұлы жоғарыда айтылған мәселелердің өзекті екендігін растап, түскен шағымдар мен кемшіліктерді шешу жұмыстары толығымен 2025-2027 жылдарға жоспраланғанын атап өтті.

Жалпы ұялы байланысты жаңарту, тарифтерді реттеу және халықтың қажеттіліктерін ескеру – еліміздің цифрлық дамуындағы ең маңызды міндеттердің бірі болғандықтан партияның өңір филиялы болмағанда байланыс сапасын реттеуді назарда ұстау керектігін айтып отыр.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Абай облыс филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы