ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтың Түркістан облысы бойынша сайлаушылар мен кездесуі Ордабасы ауданынында жалғасты.
Түс ауа Ордабасы ауданының орталығы Темірланға жеткен халық қалаулысы, ауданның Жастар ресурыстары орталығына келді. Мұнда ауданның белсенді азаматтары мен бірге аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы да болды.
Отырыс бірден мәселе көтерумен басталды. Өзін еңбек ардагері, аудандық әкелер мектебінің төрағасымын деп таныстырған Жүсіпов Лесбек ақсақал, жастардың әсіре діншілдікке бой алдырып, теріс ағымға көптеп өтіп кетіп жатқаны үлкен алаңдаушылық тудырып отырғанын жеткізді. Ол осы бір келеңсіздікті шектейтін арнайы заң қабылданыу керектігін айтты. Өз кезегінде Нұрлан Сатыбалдыұлы, депутаттар тарапынан бұл мәселенің бірнеше рет көтерілгендігін және бұл іспен арнайы өкілетті орындар айналысып отырғандығын баяндап берді.
Ал ауыл тұрғыны Жұманов Серік шаруалар мен халықтың шартты жер үлесінің есебінде болған 482 гектар алқап, үшінші тарапқа заңсыз өтіп кеткендігі төңірегінде мәселе көтерді. Оның айтуынша 2014-2020 жылдары халық жеке малына жайылым ретінде пайдаланып келген жерлерін бүгінгі иесімін деп танылған тұлға өз пайдасына асырмақ ниетте екенін, алдағы уақытта жұртшылықтың бұл жерге мал бағуы мұң болатынын айтты. Өзекті шаруа төңірегінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партия депутаттары осыған дейін де мәселе көтеріп, арнайы депутаттық сауалдар жолдағынын, қажет болса тағы Үкіметке жеткізетіндігін айтып ауылдықтардың қолындағы арыз-шағымдарын қағазға түсіріп өзіне беруін сұрады. Нұрлан Әуесбаев жиналған шағымдар бойынша міндетті түрде кері байланыстың болатындығына жұртшылықты сендірді.
Ал Ордабасы аудандың газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябек, халық қалаулысынан бүгінгі таңда аудандық басылымдардың мүшкіл халын айтып, мемлекеттен қолдау көрсетуге ықпал жасауын сұрады. «Қазіргі таңда облыстық және республикалық басылымдар мемлекеттен қолдау ретінде қаражат алады. Ал аудандық басылымдарда мұндай мүмкіндік жоқ. Газет дегеніміз идеологияның басты құралы, сондықтан бұл іске мемлекет қолдау көрсетпесе шалғайдағы ауылдар мен аудандардың мәселесі күрделене түсері анық»,-деп өзінің көкейдегі ұсынысын жеткізді.
Мемлекеттік басылымдар мен масс-медия туралы заңның қабылданғанын және бұл заңның кейбір тұстарына толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі керектігі туралы мәселе көтерілігендігін жеткізген Нұрлан Сатыбалдыұлы, алдағы уақытта бұл ұсынысты арнайы комиссия мүшелеріне жеткізетінін айтты.
Кездесуден кейін депутат аудан орталығындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорттық мұражайға арнайы бас сұғып, мұражайдың тыныс-тіршілігімен танысты.
ЖСДП баспасөз қызметі