
23 сәуір күні, Алматы қаласында ЖСДП партиясы мен Қазақстан-Германия университетінің жастар ұйымы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Іс-шараға ЖСДП Алматы қалалық филиалының төрағасы Тазабек Самбетбаймен Қазақстан Германия Университетінің белсенді студенттік ұйым мүшелері қатысты. Кездесу аясында жастар мен партия өкілдері бірлескен жобалар, әлеуметтік бастамалар, волонтерлік және мәдени бағыттағы жоспарлар бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар жас азаматтар партия мүшелігіне қабылданып, партия жаңа мүшелермен толықты.
Меморандум — бұл тек құжат емес, жаңа мүмкіндіктер мен ортақ мақсаттарға қадам.
Жастар — өзгерістің қозғаушы күші. Ал ЖСДП — жастардың сенімді серіктесі!