
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының орталық аппараты мен Астаналық филиал бірлесе отырып, Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде үш күнге созылған іс-шаралар тізбегі ұйымдастырылды.
Үркерді құрылыс қалдығы басып барады
Шараға партия жетекшілерінен бөлеке депутаттар да белсене ат салысты.
ЖСДП сайлау алды бағдарламасында да ел халқының әл-ауқатын арттыру мен қатар экологиялық мәселелерді де оңалту ісіне бел шеше араласатыны туралы нақты айтылған. Соған сай аталмыш акция шеңберінде партия өкілдері бас қала Астананың экалогиялық ахуалына назар аударып, бірнеше күрделі мәселеге қозғау салды.
Сонымен, шараның алғашқы күні жоспарға сай Астана қаласының аумағындағы заңсыз тасталған қоқыс орындарына рейд ұйымдастырылды. Алдымен партия өкілдері Астаналық филиалдың төрағасы Талғат Омаровтың ұйымдастыруымен Астана іргесіндегі Үркер шағын ауданы маңына төгіліп жатқан қоқыс пен құрылыс қалдықтарын заңсыз ошақтарына барды. Мұндағы белсенді тұрғындармен арнайы кездескен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Сатыбалдыұлы заңсыздыққа жол берген аудан әкімшілігі мен Астана қаласы әкімдігіне арнайы үндеу жолдады.
«Мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке арнайы айтқым келетіні, біз тұрғындарды былайша шырылдатып қоймауымыз керек. Неге жергелекті атқарушы билік, маслихат депутеттеры мен арнайы құрылымдық мекемелер жұмыла жүріп мұндай заңсыздыққа жол берген? Президентіміздің өзі «Таза Қазақстан»,-деп үлкен бастама көтерген шақта қарап отырып дәл Астананың жанын қоқыс алаңына айналдыру өрескел қате жағдай. Сондықтан тез арада олқылықты жойып, мына маңайды қоқыстан тазарту қажет. Егер заңсыз әрекеттерге ашық түрде барып, шектеуге құлақ аспағандар бар болса дереу анықталып, жазалансын»,-деді ЖСДП фракция мүшесі Нұрлан Әуесбаев.
Үркер тұрғын алабы қала іргесінен бой көтерген жаңа ықшам аудан. Жағдай әлі тұрақты болғандықтан тұрғындар өз қауіпсіздігі мен мұндай бейберекетсіздіктің алдын алу үшін арнайы бейне бақылау жүйесі орнатылуы қажет екенін айтып отыр. Белсенділер өздері бірнеше рет экологиялық сала мамандарын шақырғанымен мәселе шешілмей отыр дейді. Шынымен де ықшам ауданының кез келген шеткі аумақтарына қалай-болса солай төгілген қоқыс пен құрылыс қалдықтарының барын партия белсенділері өз көздерімен көріп, тіркеуге алды.
«Жайлаудың» жағдайы жақсы емес
Осыдан кейін ЖСДП өкілдері депутат Ажар Сағандықовамен бірге Астананың оң жағалауындағы Б.Бейсекбаев көшесіндегі 9-шы үйге келді. «Жайлау» тұрғын үй кешенінің тұрғындары партияның қоғамдық қабылдауына арнайы жүгініп, өздері тұрып жатқан үйдің кәріз жүйесінде үлкен кемшіліктің орын алып отырғанын жеткізген болатын. «Жайлау» ТК меншік иелері қауымдастығының төрағасы Немолчаев Дмитрийдің сөзінше аталмыш көпқабатты үйде заңсыздықтар өте көп. Ең бірінші назар аударарлығы көпқабктты үйдің үстіне қосымша құрылыс жүргізілген. Тұрғындар бұл заңсыз жүргізілген құрылыс туралы қаланың құрылыс басқармасы да және өзге де құзырлы орындары түгел біледі деп отыр. Өз өмірлері мен баспанасы үшін алаңдап отырған жандар құрылысты қайта қалпына келтіруді, немесе барлық жұмыстың шынымен де сапаға сай болуын талап етуде. Немолчаев Дмитрийдің сөзінше тіпті меншік иелерінің қауымдастығы мен тұрғындар бұл мәселе бойынша сотқа жүгініп, жеңіп шыққанымен ешқандай әрекеттің болмай отырғанын жеткізді. Қазіргі таңда нысанның қабырғаларына сызат түсіп, бұрыштары жарылып тұрған көрінеді.
«Жайлау» ТК-нің мәселесі мұнымен бітпейтін көрінеді. Тұрғындар жуықта ғана үйдің кәріз жүйесімен келетін арам шығындылардың қалалық кәріз жүйесіне кетпей түгелімен жаңбыр мен қар суларынының ағынына қосылып жатқанын білген. Шындығында бұл өте үлкен экологиялық апат әкелетін жағдай. Себебі кәріз құбырынан шығарылатын қалдықтың ағын су жүйесі арқылы барып өзен арнасына қосылуы табиғат пен адам денсаулығына орасан қатер алып келуі ықтимал. Мәселенің мәніне қаныққан депутат Ажар Сағандықова Астана қаласы әкімдігіне ерекше жағдайда ескерту жасады. «Астанадағы «Жайлау» ТК -нінің басындағы жағдайды алғаш естігенде таң қалдым. Қалайша біздің әкімшілік мұндай келеңсіздікке жол беріп отыр? Мәселені тез арада шешу керек. Білуімше тек бұл кешен ғана емес осы маңайдағы түгелге жуық нысандардың кәріз жүйесі ағын суға кетіп жатқан көрінеді. Сондықтан алдымен қалалық маслихат депутаттары мен қалалық санитарлық құрылымдар бірлесіп тексеру жүргізіп жағдайды шешуі керек»,-деді. Бір қызығы, «Астана Су Арнасы» тұрғындар мен аталмыш көшеде орналасқан мекемелерден түгелдей коммуналдық қызмет үшін ай сайын тиісті алым алып отыр. Жағдайға көздері жетіп, кәріз құбырларынан шыққан арам қалдықтың ағын суға кетіп жатқанын білген тұрғындар Астана Су Арнасына жылдар бойы қалайша ақша төлеп келгендерін білмей дал.
«Таза Қазақстан» акциясының нігізі тек маңайды қоқыстан тазарту ғана емес осы сынды келеңсіздіктерден қоғамды тазарту»,-деді ЖСДП депутаты Ажар Сағандықова.
Ұшатын пакеттер қаласы
Астана ұшатын пакеттер қаласына айналып барады,- деді ЖСДП партиясының төрағасы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Рақымжанов қала сыртына шыққанда.
Жұма күні таңертеңгілік ЖСДП мүшелері партия төрағасы Асхат Рақымжановтың бастауымен Астана қаласының шетіндегі қаланың қоқыс алаңдарын аралады.
Астана қаласында бүгінгі таңда қоқыс төгетін орын қалмаған. Бұрынғы қоқыс палигоны түгел толып кеткен екен. Оны партияластар өз көздерімен көріп қайтты. ЖСДП Астаналық филиалының төрағасы Талған Табысбайұлының айтуынша қоқыс төгетін екі орын болған. Біреуі тұрмыстық қалдықтарды жинайтын болса келесісі құрылыс қалдықтарына арныналған. Өкінішке қарай екеуінді де орын қалмаған. Бүгінгі таңда қаладан шығарылған қоқыстың дені әлгі қоқыс аймақтары маңына жиналып жатқан көрінеді.
Жағдайды өз көзімен көрген партия төрағасы мәселені жіті бақылауға алу керектігін айтып Астана қаласы әкімдігі мен қала әкімі Жеңіс Қасымбекке қараттып, мәселені тез арада шешу керектігін айтты. «Қаланың сыртына шығып қоқыс алаңдарын өз көзіммен келіп көріп тұрмын. Мына жер түгел қоқсықа толып кеткен. Шығарылған қоқысты өңдеу мәселесі де өте күрделі екен. Бүйте берсек қаланың маңын түгел қоқыс басады. Иіс қолқаны қабады. Мұның бәрі желмен бірге Астанамызға қайта келетіні анық. Қазірдің өзінде аумақты ұшып жүрген пакет басып жатыр. Тіпті қаланы қоршап тұрған жасыл белдеудің өзі қоқыстан көз ашпай қалыпты. Президент «Таза Қазақстан» акциясын бекер жариялап отырған жоқ. Жағдайдың күрделі екеніне көзі жеткен соң айтты. Сондықтан ел болып үн қосайық. Еліміздің экологиялық ахуалын төмен жағдайға түсірмеу өз қолымызда»,-деді Асхат Рақымжанов.
Партия мүшелері бұдан соң да бірнеше заңсыз қоқыс алаңына барып қайтты.
Қолға алынған жұмыстардың қорытындысы ретінде хаттар жазылып тиісті мекемелерге жіберілетіні анық. Ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының депутаттары мәселені Перламенттік мінберден көтеріп жағдайға Үкіметтің назарын аудартпақ.
ЖСДП баспасөз қызметі