
ЖСДП партиясының депутаты Ажар Сағандықова Қазақстанның еңбек сіңірген шахматшыларына өмір бойы жәрдемақы беруді талап етіп, Премьер-министр Олжас Бектеновқа сауал жолдады.
Халық қалаулысының айтуынша, біздің елде тек олимпиадалық спорт түрлеріне ғана қолдау көрсетіледі де, шахмат пен өзге де осы сынды ұлттық спорт түрлері артта қалды.
Ажар Сағандықова соңғы он жылда қазақстандық шахмат саласы қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. «Тек 2024 жылдың өзінде Қазақстан шахматшылары рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Мысалы; 160 медаль, оның 55-і алтын болды. Ал шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды», - деп атап өтті. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары мен еңбек сіңірген спортшыларын қолдау шаралары тек олимпиадалық спорт түрлеріне ғана тағайындалғанын, ал олимпиадалық емес спорт түрлері, оның ішінде шахматқа еш назар аударылмай қалғанын айтты.
«Марапаттар мен атақтар беру кезеңінде өтініш берушінің оны алу құқығын айқындайтын қатаң критерийлермен қоса елеміздің Туризм және спорт министрлігінде арнайы алқалық шешімінің назарына осы мәселені қаперге алу керектігін айта келе, іріктеудің елегінен санаулылар ғана өте «Мен спортшылар мен жаттықтырушылар еңбегін ынталандыру мәселесінде абыройсыздыққа жол бермеу керек деп есептеймін. Барлық спорт саласының өкілдері құрметті атақтар мен лайықты марапаттарға ие болуға құқылы. Ал олардың иелері еліміздің халықаралық деңгейде беделін арттыра отырып, өмір бойы төлем алуға лайық», - деп түйіндеді сөзін ЖСДП фракциясының мүшесі Ажар Бақытқызы.
ЖСДП баспасөз қызметі