Біздің депутатқа ерекше марапат берілді

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Сағандықова Ажар Бақытқызын Республикалық адвокаттар алқысы заң саласындағы тынымсыз еңбегін жоғары бағалай отырып, «Адвокатураны дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен наградтады.

Ажар Бақытқызына бұл құрмет, еліміздегі адвокатураның мәртебесін нығайтуға және адвокат кәсібінің беделін көтеру жолдындағы белсенді еңбегі үшін беріліп отыр.

Ажар Бақытқызын партия төрағасы мен барша мүшелері атынан шын жүректен құттықтаймыз! Ел үшін етіп жүрген еңбегіңіз жемісті, мәртебеңіз биік, деніңіз сау болсын!

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы