
Мәжілістің жалпы отырысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының депутатты Наурыз Сайлаубай қазақстандағы инфрақұрылымды дамыту және электромобильдерді пайдалану мәселелері бойынша депутаттық сауал жолдады.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға бағытталған сауалда ол халықаралық тәжірибеге сәйкес, электромобильдер мен қоғамдық қуаттау станцияларының оңтайлы арақатынасы 10:1 болуы керек. Ал Қазақстанда қазіргі таңда 43 электромобильге 1-ғана қуаттау станциясы тең келетінін алға тартты.
Демек біздің елде көлік қуаттайтын нүктелер қазірдің өзінде өте тапшы болып отыр. Депутаттың сөзінше бұл мәселе өткен 2024 жылы шешімін табуы керек болған екен. «Ресми статистика бойынша, 2024 жылғы 1 желтоқсанда электр қуатымен жүретін жеңіл автокөліктер саны 1,6 есеге артып, 7,3 мыңнан 12,1 мың бірлікке жеткен екен. Электромобильдерді сату көлемі бүкіл әлем бойынша алдыңғы қатарға шыға бастады. Еуроодақтың 2035 жылға қарай іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерді сатуға тыйым салу туралы келісімге келуінен кейін жағдай күрт өзгенрен»,-дейді ол.
Қазақстанда аталмыш көлік түріне деген қызығушылық, оған қойылатын жеңілдіктердің тікелей әсерінен болып отыр. Көлікті елге әкелу кезінде өндірушілер мен импорттаушылар утилизациялық алымдарды төлеуден және бастапқы тіркеу құнынан босатылады, бұл автомобильдің кедендік құнының 15% үнемдеуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бірақ электр қуатымен қозғалатын көліктер мәселесі біздің елде заңды тұрғыдан реттестілмей отырғанына алаңдаушылық білдірген депутат, алдағы уақытта күрт көбейетін аталмыш көліктерді қуаттау көзінің жетіспеуімен бірге тіпті энергияның тапшылығы сезіліп қалуы мүмкін екенін тілге тиек етті.
«Қазір Қазақстанда бар қуаттау станцияларының саны электр көліктерінің минималды қажеттілігін де қамтамасыз ете алмайды екен. "ҚазАвтоЖол" 2024 жылы елімізде 40 жаңа қуаттау станциясын орнататынын мәлімдеген еді. Алайда жыл соңында БАҚ өкілдері жарияланған ақпаратқа сәйкес, республикалық маңызы бар жолдардың бойындағы сервис нысандарында тек 23 станция қойылғаны белгілі болды»,-дейді депутат Сайлаубай.
Электор көліктеріндегі режимді автопилот жүйесі мен оның құқықтық реттелуі барысында да бірқатар заңдық реттеулер қажет. Депутаттың сөзінше заңды жүйелеп қосымша тармақтар бекіту маңызды.
«Электромобильдер санының артуы – уақыт талабы. Электрлі көліктердің басым көпшілігі автопилоттың режиммен жабдықталған. Олар не бары 3 секунд ішінде өте жоғары жылдамдыққа жете алады. Бұл жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер етуі де мүмкін. Қазірдің өзінде әлемде сатылып жатқан көліктің әр бесіншісі – электромобильдер үлесінде. Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы бойынша он жылдан кейін сатылатын көліктердің тең жартысы электр қуатымен жүреді екен. Сондықтан көштен қалып қоймаймыз десек, шаруаны бүгіннен бастап ерттеп, уағында бәріне сақадай сай болуымыз қажет»,-дейді.
Осыған байланысты және жоғарыда айтылған мәселелер төңірегінде депутат үкіметке бірнеше сауал жолдады.
САУАЛ:
-
Электромобильдерді зарядтау инфрақұрылымын дамыту, әсіресе республикалық маңызы бар жолдар бойында қуаттау станцияларын салу қаншалықты деңгейде жүзеге аспақ, саны қанша болмақ?
-
Электромобильдер санының көбеюі электр желілеріне қосымша жүктеме түсіретіні белгілі. Қазіргі таңда еліміздің электр желілері тозған, бұл болашақта апаттық жағдайларларға әкеліп соқпайма? Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
-
Электромобиль иесі қала ішінде автопилоттық режимді қосып жүруіне құқылы ма және автопилот режимінде болған кезде жол-көлік оқиғасы орын алса, жауапкершілікті кім мойнына алады?
-
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап " Экономикалық қызмет түрлерінің ұлттық классификаторы" тізіміне электромобиль аккумуляторларын қуаттау қызметі енгізілді. Бұл салаға жеке бизнесті тарту көзделген еді. Бұл бағытта қанша шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді?
ЖСДП баспасөз қызметі