Донор болу ˗ өзгенің өмірін құтқару

Бүгінгі таңда елімізде қан мен оның компоненттеріне деген сұраныс артып келеді. Қан тапсыру ˗ бұл бір сәттік әрекет қана емес. Бұл ˗ бір немесе бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін маңызды азаматтық қадамның бірі.

Жол-көлік оқиғалары, ота жасау, босану кезіндегі асқынулар, онкологиялық және басқа да күрделі ота кезінде донорлық қанға азаматтар мұқтаж болып жатады. Қан донорлығы ˗ бұл тек медициналық процедура ғана емес, адамгершілік, жанашырлық және жауапкершіліктің көрінісі.

Бұл жағдайдың мән-жайына қанық болу үшін Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Абай облыстық филиал төрағасы Рүстем Сарманов Семей қаласындағы қан тапрсыру орталығының дәрігер терапевті Сәуле Құрманғалиқызымен кездесіп, мәселенің мәніне үңілді.

Партия филиалы төрағасы қан тапсыруды насихаттау бағытында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруды қолға алмақ. Атап айтқанда, - жұртшылықты қан тапсыру адам өмірін сақтаудағы рөлі туралы ақпараттандыруды арттыру және қан құюды қажет ететіндерге тұрақты донорлық қолдау көрсетіп, ерікті түрде қан тапсыруға шақыру.

Осылайша ЖСДП Абай облыстық өзі бас болып, Семей қаласының Қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсырды.

Сонымен қатар, филиал төрағасы Рүстем Сарманов Семей қаласындағы АО «Банк Хоум Кредит» филиалында және №6 қалалық емхана мен №1 қалалық емханада “Қан донорлығы” тақырыбында қызметкерлермен кездесіп, қоғамда донорлық мәдениетті дамыту туралы презентациялық лекциялар өткізді. Кездесу барысында қан доноры болуға кімнің құқығы бар, процедура қалай өтеді, қандай медициналық талаптар қойылады деген өзекті сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіді. Қан тапсырумен байланысты жалған ақпараттар мен алыпқашпа сөздер барысы да талқыланды.

«Біз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - қан донорлығы бұл жай ғана медициналық көмек емес, бұл адам өмірін сақтаудың ең ізгі жолы деп санаймыз. Бүгінгі күн біреудің соңғы үміті болуы мүмкін. Осыны әрбір адамзат түсініп, әр азаматты қоғамға пайдасы тиетін әрекет жасауға шақырды. Соның алғашқы қадамы ретінде қан тапсырып, өзгеге өмір сыйлауға шақырамыз»,-деді Рүстем Сарманов.

Қан орталығына үнемі донор қажет. Өйткені, қан құрамындағы кей компоненттерді 42 күн сақтауға болатын болса, енді біреулері 5 күнге ғана жарамды. Соның алдын алу үшін ЖСДП Абай облыстық филиал белсенділері қан тапсыру кезінде алатын 983 теңге мөлшеріндегі өтемақыны 1 АЕК-ке көтеруге, қосымша ақылы демалыс күндерін енгізуге және мемлекет пен жұмыс беруші деңгейінде ынталандыру жүйесін енгізуді ұсынды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Абай облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы