Ленгерлік тұрғындар өз ойларын ашық жеткізді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев Түркістан облысы Төлеби ауданының сайлаушыларымен кездесті.

Ленгер қаласының орталығында болған кездесу Ш.Уалиханов атындағы №2 орта мектебінде өтті. Жиынды тізгіндеген аудан әкімінің орынбасары Серікбаев Лесбек Ауезханұлы жиналғандар алдында ауданның бүгінгі ахуалын баяндап, болашақта ауданда жүзеге асырылатын жобалар жоспарын ортаға салды.

Депутат Нұрлан Сатыбалдыұлы сайлаушылар алдында бүгінгі еліміздің әлеуметтік саладағы ұстанымы туралы баяндай келе жуықта Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Ана тілі»,- газетіне берген сұхбатына толыққанды тоқталып, ондағы айтылған нақты бағыттарды тарқатты. «Шын мәнінде ел президентін қолдау маңызды. Өздеріңіз басылымда жарияланған сұхбатты оқысаңыздар тек саясат пен мемлекеттік істерден бөлек әлеуметтік-тұрмыстық бағыт, ұрпақ тәрбиесі мен білім, әскердегі ахуалды да бүкпесіз баяндап отыр. Бұл ел президентінің ашықтығы. Халықпен тілдесуі. Мемлекет басшысы осындай жолдар арқылы өзінің пікірін, ойын, шешімдерін халыққа, мына сіздерге жеткізіп отыр. Мысалы әскердегі ахуал туралы барлығымыз айттық.

Айтпаған адам қалмаған болар. Оның байыбына ешкім барып жатқан жоқ. Шын мәнінде ондағы жағдай мүлде басқаша. Әскердегі сарбаздың өмірі бәрінен маңызды. Тек сол сарбазды әскерге дейін тәрбиелеу мен тәртіпке салу бағытында біз қандай да бір қателікке ұрынып жатуымыз мүмкін. Осыны саралап алуымыз қаса маңызды. Әрине, жамандыққа баланы қимаймыз. Сондықтан ел болып сіздер мен біз болып мәселені қазіргіден де жақсы етуге тырысайық. Бәріміз жан-жаққа тартпай бірлікте болайық, бекем болайық»,-деп өзінің шынайы ойын жеткізді.

Ұстаздар қауымы да депутаттың ойын қолдады. Ашық пікір алмасу барысында тұрғындар әскердегі тәртіп мәселесі төңірегіндегі ойларын да ортаға тастап өз пікірлерін білдірді.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы