Манадыр станциясында жаңа мектеп салынады

Мектеп ғимараты «Менің атым Қожа» фильміндегі мектептен де төмен жағдайда әсер етті. Манадыр станциясында жаңа мектеп салынады

Үкімет Ұлытау өңіріндегі Манадыр стансасы тұрғындарының арыз-шағымын тыңдап, жаңа мектеп салу туралы шешім қабылдады. Бұған «Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы» арнайы мемлекеттік қордан 1,2 млрд теңге тартылып отыр.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, мектеп 80 оқушыға арналған.

«Қазіргі мектеп – бұл аудандағы жалғыз білім ошағы. Ғимарат 1981 жылы салынған, 2000-шы жылдары қайта жаңғыртылған. Бүгінгі таңда мектеп өз жүктемесінен бірнеше есе артық жағдайда жұмыс атқаруда. Құрылыстың қуаттылығы 60 орындық болғанымен мұнда бүгінгі таңда 123 оқушы білім алуда. Мектепте химия, биология, физика және география пәндері бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері деген мүлде жоқ», - делінген үкімет сайтында.

Құрылыс 2025 жылдың бірінші тоқсанында басталады деп жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру кезінде орын санын көбейтіліп, заманауи білім беру талаптарына сәйкес балаларды оқытуға қажетті қолайлы жағдай туғызылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін ЖСДП-нан сайланған Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова Ұлытау өңіріндегі ауыл мектептерінің мәселесін көтерген болатын. Оның айтуынша, Манадир мектебінің ғимараты «Менің атым Қожа» фильміндегі мектептен де нашар жағдайда әсер еткен.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
29.01.2025
Депутаттық сауал, Қазақстан Республикасының Премьер-министрдің орынбасары Дүйсенова Тамара Босымбекқызына жолдаймыз
15.01.2025
Депутатксий запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А.
18.12.2024
Депутатский запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А., министру экологии и природных ресурсов РК Нысанбаеву Е. Н.
27.11.2024
Депутатский запрос премьер-министру РК, КНБ, АРРФР, НБ, МЦРИАП, МВД
06.11.2024
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О.А. Бектеновке
23.10.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Министру здравоохранения Министру труда и социальной защиты населения РК
16.10.2024
Депутатский запрос первому вице-премьер-министру Республики Казахстан Роману Васильевичу Скляру.
16.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярға депутаттық сауал
09.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне депутаттық сауал