Маңғыстауда қаңғыбас иттер үшін 232 миллион теңге бөлінген

Маңғыстау облыстық Жалпыұлттық Социал-демократиялық партиясының өкілдері облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы, Марқабаев Бердібек Әбдіразақұлымен аймақтағы қаңғыбас иттер мәселесі жөнінде сұхбаттасты.

Сұхбат барысында белгілі болғаны, биылғы жылы Маңғыстау облысының жергілікті бюджетінен қаңғыбас иттерді аулау, уақытша ұстау, вакцинациялау, стерилизациялау және жою үшін 232 миллион теңге бөлінген екен. Оның ішінде, 44 миллион теңге – иттерді ұстауға 26 миллион теңге – уақытша қамауға 43 миллион теңге – вакцинация және стерилизациялауға 151 миллион теңге – иттерді жоюға 11,6 миллион теңге бөлінген. Қалған қаражат қосымша шараларды ұйымдастыруға бөлінгеніне көз жеткіздік.

Бердібек Әбдіразақұлының айтуынша соңғы жылдары қаңғыбас иттер мәселесі Маңғыстауда да жиі талқыланатын тақырыптардың біріне айналған. Жыл басынан бері облыс бойынша 18 900-ден астам қаңғыбас ит ауланған. Оның ішінде 7349-ы вакцинациядан өтіп, 5143-іне стерилизация жасалса, 11 162 бас ит жансыздандырылған көрінеді.

Қазақстанда “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” заң бар. Осы заңға сәйкес, ит ауланғаннан кейін 3-5 күн ішінде оның иесі іздестіріледі. Егер иттің иесі табылса, ол қайтарылады. Ал иесі болмаса, еркек ит кастрацияланады, ұрғашы ит стерилизация жасалып, 10 күн ұсталудан кейін қайта жіберіледі.

Қауіп төндіретін немесе ауру иттерді емдеп шығу үшін де қомақты қаражат қажет. Сондықтан ондай иттердің болашағы арнайы комиссияның шешімінен кейін белгілі болады екен.

ЖСДП өкілі жуықта қоғамда резонанс тудырған Ақшұқыр ауылында ит қауып алған баланың жағдайы туралы сұраған болатын. Бердібек Марқабаевтің сөзінше, Ақшұқыр ауылында үй итінің иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Ал ит заңға сәйкес жансыздандырылған. Баланың денсаулығын жергілікті дәрігерлер өз бақылауда ұстап, тиісті емдеу шаралары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы, алдағы көктем айларында қаңғыбас иттер көбейіп, құтыру ауруының таралу қаупі артады деп отыр. Осыған байланысты жануарларды бақылау шаралары күшейтіледі. “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” заңның 15-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, адамға немесе үй жануарларына шабуыл жасаған иттер арнайы өтініш негізінде жойылады.

Қазіргі таңда 7349 бас ит сырғаланып, қайта жіберілген. Оларды жоюға тыйым салынған, себебі бұл иттерге вакцинация жасалып, стерилизацияланған. Дегенмен, қала тұрғындары көшеде иттерді көрген бойда хабарласып, қауіптенетінін айтады. Мұндай жағдайларда жергілікті органдар мәселені зерттеп, нақты шешім қабылдайды.

ЖСДП маманы Тазабаевтың, ит аулау ветеринарлардың міндетіне жата ма?,-деген сауалына басшы - қоғамда қаңғыбас иттерді жою мәселесіне қатысты пікірлер әртүрлі. Кейбір ветеринарлар иттерді емдеудің орнына оларды жоюға мәжбүр болғанын айтып, бұл жұмысты әкімдік немесе басқа мекемелер жүргізуі керек деген пікірде. “Дәрігер адамды емдесе, біз адамзатты емдейміз. Жануарлардың денсаулығы, соның ішінде мал еті мен сүтінің сапасы – тікелей ветеринария саласына байланысты. Сондықтан біз жануарларды жою емес, емдеу жолдарын қарастыруымыз керек. Қаңғыбас иттерді аулау мен жою ісі ауыл әкімдіктерінің деңгейінде шешілуі тиіс.”,- дейді ол.

ЖСДП Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі