Мұқтаждарды баспанамен қамтамасыз етуде мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше басымдық берілуі тиіс

Мұқтаждарды баспанамен қамтамасыз етуде мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше басымдық берілуі тиіс

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ҚР Парламенті мәжілісінің қабырғасында «Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері» бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға мәжіліс депутаттарынан бөлек қоғам белсенділері мен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен, ҚР Еңбек және халықта леуметтік қорғау министрлігінен, «Отбасы Банкінен» арнайы мамандар келіп сауалдарға жауап берді. Отырысты ЖСДП фракциясының мүшесі Наурыз Сайлаубай тізгіндеп, жиналғандарға еліміздегі тұрғын үй саясатын оңтайландыру мен жетілдірудегі кемшін тұстарының әлі де болса барын айтып, ең алдымен әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтарды баспаналы ету мәселесі бірінші кезекте болу керектігін айтты.

Жиында бірінші болып сөз алған ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қаженов, бүгінгі күнде елімізді тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 655 мың адам екендігін еске сала келе оның 256 мыңнан астамы әлеуметтік осал топтар қатарында екенін жеткізді. Сонымен қатар, министрлік халықты баспанамен қамтудың бірнеше миханизімін іске асырып жатқанын сөз етті.

«Бірінші; сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үйлер. Бұл тұрғын үй инфрақұрылымын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады. Өткен жылы 330 млрд. теңгеге 22 мың жалдамалы пәтер сатып алынды. 2029 жылға дейін 10 мыңға жуық азаматты пәтермен қамту жоспарланып отыр.

Екінші; жеңілдікті ипотекалық қарыздар. Мұнда кезекте тұрған азаматтар Отбасы Банк арқылы 2%, 5% және 7% мөлшерлемемен жеңілдетілген қарыз ала алады. Оның ішінде 2% мөлшерлемемен төмендегі төрт санатты тұрғындар қамтылмақ. 1 – 1 және 2 топ мүгедектері, 2 – мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, 3 – көп балалы отбасылар, 4 – жетім балалар.

Үшінші; Баспана кезегі. Үй кезегінде тұрғандардың кезегі келген шақта мемлекет кепілдендірген ипотекалық қарыз бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін берілетін 1,5 млн. теңге көлеміндегі қаржы.

Төртінші; Жалдау ақысын субсидиялау. Бұл 2022 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда жоғарыдағы айттылған осал топтар да осы санатқа енгізіліп бүгінге дейін 10,5 тен астам отбасы қамтылып отыр»,-деді вице-министрі Қуандық Қаженов.

Қазіргі таңда азаматтарды баспанамен қамту мәселесі әкімшіліктерден алынып Отбасы Банк институтына жүкетелетіндігі белгілі. Осы жылдың мамар айының 24-нен бастап барлық тұрғын үйге қатысты сауалдарын азаматтар бір терезе қағидатымен аталмыш банк қызметіне жүгінбек. Бір жағынан бұл өте дұрыс шешім болар. Себебі мемлекет басшысының қойып отырған талабы ашықтық. Дөңгелек үстелге келген банк төрағасының орынбасары Жасұлан Орынбекұлы да осыны айтып отыр.

Оның сөзінше бүгінгі күнге бейін Отбасы Банк арқылы 6003 аталмыш топқа жататын жандарға және отбасыларына кредит берілген екен.

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысы шеңберінде тұлғалардың осы санаты Бақытты отбасы бағыты шеңберінде жылдық 2%-бен жеңілдікті кредит алуға үміткері бар.

2025 жылға арналған республикалық бюджетте халықтың әлеуметтік осал топтарына 2% және 5% жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша тұрғын үй заемдарын беру үшін "Отбасы Банк" АҚ-ға бюджеттік кредит беруге арналған шығыстар көзделмеген.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 5 қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кеңесте азаматтарға тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау уй көмегін көрсетудің тәртібі мен тетіктерін әзірлеуді тапсырған болатын осыған сай Отбасы Банк азаматтардың тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін төлеу жөніндегі қаржы операторы болып айқындалды»,- деді банк төрағасының орынбасары.

Әрине, осал топтар дегенде мәселенің айналып келіп бір ұшығы ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиетіні белгілі. Шындығында аталмыш министрлік тарапынан да көп мәселе шешімін табары да анық. Отырысқа арнайы шақырылған әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Аймағамбетов бүгінде елімізде осал топтарға жататын жандар саны 3 млн 990 мың 991 азамат екенін мәлімдеді. Бұл сан арнайы әзірленген цифрлық карта мәліметі бойынша белгілі болғанын тілге тиек етті.

«Осы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша елімізде әлеуметтік осал топтар қатарында 142 Отан соғысы ардагері, 16 906 Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген жандар, 26 516 басқа мемлеукеттердің аумағындағы ұрыс қыймылдарына қатысқан ардагерлер, 350 176 бірінші және екінші топ мүгедектері, 111 321 мүгедектігі бар балалары бар отбасылар, 1 070 қандас мәртебесін алғандар, 241 784 Алтын және Күміс алқа иегерлері, 604 681 төрт және одан да көп балалары бар отбасылар, 193 319 асырауында кәмілет жасына толмаған балалары бар жесір әйелдер не жалғыз басты әкелер бар. Міне бұл тізімдегілердің басым көпшілігінде баспана мәселесі бар десем өтірік емес. Соңғы кездегі баспана бағасының шарықтауы азаматтарға тіптен соққы болып отыр. Сондықтан жан жақты бірлесіп мәселені шешуге біз дайынбыз»,- деді Асқар Аймағамбетов.

Баспана мәселесін тізе берсек оның бір ұшынан шығу да мүмкін емес екені белгілі. Себебі кезекте қанша адам тұрса олардың соншасының баспана тұрғысынан келгенде күрмеуін тарқатуы қиын мәселе бары анық. Сондықтан мемлекеттік тараптан ұсынылатын кез келген жоба оңтайлы әрі ашық болуы керек,-дейді белсенділер.

Мысалы, тұрғындар тарапынан және халықтың баспана мәселесін көтеріп жүрген белсенті топ тарапынан көтерілген тағы бір күрделі дүние жоғарыда айтылған Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қатысты болып отыр. Олардың айтуынша бүгінгі таңда кезек күтіп тұрған ардагерлердің басым көпшілігі осыған дейін бір не бірнеше рет мемлекет тарапынан баспаналы болған екен. Әрине мұндай құйтырқылыққа олардың өздері емес отбасы мұшелері баратыны анық. Айталық, осыдан 7-8 жыл бұрын баспаналы болған ардагер заң бекіткен 5 жылдан кейін кезекке тұрып қайта баспана алуға құқылы. Мұндай құйтырқы әрекетке өзге де азаматтар да баратыны анық. Сондықтан белсенді топ бастамашылары мемлекет тарапынан баспана алған кез келген азаматтың 10 не 15 жыл бойына кезекке тұру құқығын шектеу керектігі туралы заң не ереже қабылдап оны тек сандық үлгіде бақылау керектігін айтып отыр. Әрине бұл өте орынды мәселе екені рас. Бұл мәселені ЖСДП депутаттары да сөз етті. Себебі бұл әрекет өзгенің жолын кесіп әділетсіз жолмен екі жеп биге шықтының кері болмақ.

Ал, ЖСДП депутаты Ажар Бақытқызы өңірлерде әлеуметтік баспаналар салу мәселесіне ерекше бақылау қою керектігін ескертті. Оның сөзінше, аймақтардағы орталық қалаларда кейбір тұрғын алаптар баспана салу мақсатында сүрілген соң оның алғашқы мақсатты жобасы өзгеріп, соңында ол жерде мүлде басқа бой көтеріп кететіндігі туралы бірнеше мысалдар бар екенін алға тартты.

Жиынды қорытындылаған депутат Наурыз Саятұлы мәселе бүгін шешілмейтінін айта келе алдағы уақытта да бірлескен отырыстар мен жеке сараптаулардың болатындығын айтты. Жиналғандар осы жылдың 24 мамырана дейін тағы бір кездесіп жан-жақты талқылау өткіщзкге уағдаласты.

ЖСДП баспасөз қызметі