Партия алаңында баспана туралы заңның жаңа мүмкіндіктері талқыланды

Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының дөңгелек үстел алаңында мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктер негізінде берілетін қолжетімді баспана заңының жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

Еліміздегі тұрғын үй саясатын реформалауға арналған жаңа заңның өзектілігі туралы егжей-тегжейі баяндалған бұл отырысты ЖСДП фракциясының мүшесі ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Наурыз Сайлаубай тізгіндеді.

Дөңгелек үстелге ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты ЖСДП фракциясының мүшесі Ажар Сағандықова, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Қала құрылысы және тұрғын үй-комуналдық саясаты департаментінің өкілі Қарахан Қаби, Отбасы банкінің Астана қаласы филиалы Директорының орынбасары Дария Батенова, және баспана мәселесі бойынша халыққа түрлі маңызды ақпарат беріп жүрген сарапшылар Мұзавар Айнагүл, Смайлова Ұлпан, Ермекбаев Рүстем, Мыңғышпан Ерболат. Одан бөлек ЖСДП Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов қатысып, тұрғындар тарапынан қойылатын негізгі сауалдарды қарапайым тілмен жан-жақты талқыға салды.

Шынымен де елімізде жеңілдікпен баспана алуға кезекке тұрушылар саны күн санап көбейіп келе жатқаны белгілі. Қазіргі есеп бойынша шамамен 650 мыңнан астам азамат кезекте тұрған болса баспанаға мұғтаждар саны 8 млн на насып түсетін көрінеді. Қоланысқа енгізілгелі отырған жаңа заң жобасы бұрынға жобада жіберілген қателіктерді қайталамай, барлық мұқтаж жандар үшін бір деңгейді болуды көздейді.

«Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының алаңында өздеріңіздің бастарыңызда арнайы қосып, халыққа түсінікті тілде еліміздегі баспана саясаты мен толықтырулар жасалып оңтайландырылған Заң жобасының артықшылығын, болмаса кемшін тұстары туралы талқылау жасамақпыз. Сонымен бірге әлеуметтік желілерде желдей есіп жүрген түрлі алыпқашпа әңгімелер мен негізсіз болжамдарға тосқауыл болу. Сондай-ақ, нақты бағдарлама туралы сөз қозғасақ деп отырмыз. Сондықтан біздің бүгінгі отырысымыздың маңыздылығы ерекше болмақ»,-деді депутат Наурыз Сайлаубай.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Қала құрылысы және тұрғын үй-комуналдық саясаты департаментінің өкілі Қарахан Қабидің айтуынша өзгертілген заң бойынша енді баспана бірінші кезекте 3 емес 8 санатқа беріледі. Олар: Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар, басқа мемлекеттердің аумағында әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жесірлер. Кезектік санат бойынша 8 түрге өзгеру азаматтардың мемлекет тарапынан берілетін баспана алуға зор мүмкіндік болары сөзсыз. Осы тұста тағы бір айта кететін дүние, тұрғын үйге байланысты кезек ендігі жерде жергілікті әкімшіліктер емес Отбасы банрінің міндеті болып табылмақ. Демек бұл жерде Отбасы Банктің өкілеттігі кеңейді деген сөз. Енді тұрғын үй кезегіне қою және оны бөлу қызметін банк жүргізбек. Отбасы Банк тұрғын үй кезегіне қою және оны бөлуді орталықтандырумен қатар ашық түрде жүзеге асырады.

  • Отбасы банкінің Астана қаласы филиалы Директорының орынбасары Дария Батенованың айтуынша енді кезекке санатына қарамастан соңғы бес жылда тұрғын үйі жоқ кез келген азаматтар тұра алады. Осыған байланысты «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» құрылуда. Сонымен қатар, Отбасы банк коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органдардан жалға алған жеке қордағы тұрғын үйді беру туралы шешімді қабылдайды. Жеке қордан жалға алынған тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялайды. Сосын азаматтарға тұрғын үйді жекешелендіру құқығы беріледі. Отбасы Банк екінші деңгейлі банк ретінде жұмысын жалғастыра береді және қазақстандықтар өз жинақтарының тұрақтылығы мен депозиттерінің сақталуына сенімді бола алады. Кезек жалпы тізім бойынша жүргізіетін болғандықтан ешкім кезегінім кейінге шегеріліп кетеді деп қорқуларына негіз жоқ. Себебі бұдан былай кезеу тек бір қатар бойынша жасалып барып оның ішінен әлеуметтік мәртебесі бойынша жеке дара санаттарға қойылатын болады ,-деді.

Президент тапсырмасына сай, қолға алынып отырған осы бір өзгертулер шынымен де ел тұрғындарының мүддесінен шықса игі. Баспана саясатының сан түрлі кедергілерге ұшырап кей жағдайда тіпті де мақсатты түрде жүзеге аспай қалуы кейде жергілікті атқарушы орындардың саясатты жіті түсінбей отыруы не құлықсыздығы деуге болар еді. Ал енді қолданысқа енгелі отырған заңда тек бір ғана банк арқылы реттеуге жіберілмек. Саясаттың бұрыс не дұрыс боларын болашақ көрсетпек.

Отырыста сөз алған сарапшылар да осыны меңзеп отыр. ЖСДП Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов оңтайландырған заң жобасында жастардың баспаналы болуы саясатын жалпы кезек бойынша емес жоғарыда айтылған 8 санаттың біріне кіріктіру немесе бөлек санатта қарау керектігі туралы мәселені ортаға салды. Мамандар заңда жалпы кезек негізгі бағыт екенін айта келіп, жастарды баспанамен қамту саясатын еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі қолға алып отырғанын жеткізді.

Қорта келгенде баспана мәселесі әр қазақстандықтың басында бар дүние. Мемлекет қабылдап отырған осы жолға заң жобасы түйткілді дүниеге біршама серпін береді деген ойдамыз. Ең бастысы халықты әуре-сарсаңға салмаса болғаны.

ЖСДП Орталық аппаратының баспасөз қызметі

Смотрите также: