
Депутаттық сауал, электромобильдер жайында болмақ.
Елімізде электр көліктері таңсық дүние болудан әлдеқашан қалғаны белгілі. Ресми статистика бойынша, 2024 жылғы 1 желтоқсанда электр қуатымен жүретін жеңіл автокөліктер саны 1,6 есеге артып, 7,3 –ден 12,1 бірлікке жеткен екен.
Электромобильдерді сату көлемі бүкіл әлем бойынша алдыңғы қатарға шыға бастады. Бұл, ең алдымен, көміртегі шығындарына қойылатын талаптардың қатаңдауымен байланысты болса екіншіден, Еуроодақтың 2035 жылға қарай іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерді сатуға тыйым салу туралы келісімге келуімен тікелей байланысты болып отыр.
Ал Қазақстанда аталмыш көлік түріне деген қызығушылық, оған қойылатын жеңілдіктердің тікелей әсерінен Қазіргі таңда Көлікті елге әкелу кезінде өндірушілер мен импорттаушылар утилизациялық алымдарды төлеуден және бастапқы тіркеу құнынан босатылады, бұл автомобильдің кедендік құнының 15% үнемдеуге мүмкіндік береді. Дегенмен елімізде әлі де көптеген құқықтық мәселелер өз шешімін тапқан жоқ.
Атап айтқанда: Қазақстанның энергетикалық жүйесінің тұрақтылығына қатысты да сұрақтар бар.
- Қуаттау станцияларының жеткіліксіздігі
Қазір Қазақстанда бар қуаттау станцияларының саны электр көліктерінің минималды қажеттілігін де қамтамасыз ете алмайды екен. "ҚазАвтоЖол" 2024 жылы елімізде 40 жаңа қуаттау станциясын орнататынын мәлімдеген еді. Алайда жыл соңында БАҚ өкілдері жарияланған ақпаратқа сәйкес, республикалық маңызы бар жолдардың бойындағы сервис нысандарында тек 23 станция орнатылғаны белгілі болды.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, электромобильдер мен қоғамдық қуаттау станцияларының оңтайлы арақатынасы 10:1 болуы керек. Ал Қазақстанда қазіргі таңда 43 электромобильге 1-ғана қуаттау станциясы тең келеді екен.
- Логистика және сервистік қызмет көрсету;
Бүгінгі күні Қазақстанда электромобильдерге техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу орталықтарының желісі жеткілікті деңгейде дамымаған. Сонымен қатар, аймақтарға электромобильдерді жеткізу барысында логистикалық қиындықтар да туындап отыр. Осыған байланысты: Елімізде электромобильдерге арналған қызмет көрсететін орындарды ашу да кезек күттірмейтін шаруа болып тұрғаны анық.
- Автопилот жүйесі және оның құқықтық реттелуі;
Бүгінде электромобильдердің басым көпшілігі автопилоттың режиммен жабдықталған. Одан кейін, электромобильдер 3 секунд ішінде өте жоғары жылдамдыққа жете алады, бұл жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер етуі де мүмкін.
Электромобильдер – тек экологиялық таза көлік қана емес, сонымен бірге энергия тиімділігін арттырудың және дәстүрлі отын көздеріне тәуелділікті азайтуда зор мүмкіндік екені де рас. Осы мәселелерді шешу Қазақстанға экологиялық стратегияны жүзеге асыруда айтарлықтай ілгерілеуге және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берері анық. Осыған сай, электромобильдер санының артуы – уақыт талабы. Біздің еліміз бұл үрдіске дайын болуы керек. Қазірдің өзінде әлемде сатылып жатқан көліктің әр бесіншісі – электромобильдер үлесінде.
Осыған байланысты және жоғарыда айтылған мәселелер төңірегінде бірнеше сауалдар туындағаны белгілі. Төмендегі сауалдамымызға жауап беріп, ұсынымдарымызға назар аударуларыңызды сұраймыз:
САУАЛ:
-
Электромобильдерді зарядтау инфрақұрылымын дамыту, әсіресе республикалық маңызы бар жолдар бойында қуаттау станцияларын салу қаншалықты деңгейде жүзеге аспақ, саны қанша болмақ?
-
Электромобильдер санының көбеюі электр желілеріне қосымша жүктеме түсіретіні белгілі. Қазіргі таңда еліміздің электр желілері тозған, бұл болашақта апаттық жағдайларларға әкеліп соқпайма? Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
-
Электромобиль иесі қала ішінде автопилоттық режимді қосып жүруіне құқылы ма және автопилот режимінде болған кезде жол-көлік оқиғасы орын алса, жауапкершілікті кім мойнына алады?
-
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап " Экономикалық қызмет түрлерінің ұлттық классификаторы" тізіміне электромобиль аккумуляторларын қуаттау қызметі енгізілді. Бұл салаға жеке бизнесті тарту көзделген еді. Бұл бағытта қанша шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді?
Осы мәселелерге қатысты сіздердің нақты жауаптарыңызды және жоспарланған шаралар тізімін күтетінімізді хабарлаймыз.
Құрметпен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясы депутаттары;
Сайлаубай Н.С.
Рахымжанов А.Н.
Әуесбаев Н.С.
Сағандықова А.Б.