Шаяндық ұстаздармен жылы жүздесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғындарымен кездесті.

Сайлаушылармен кездесу барысында депутат халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, елдің көкейінде жүрген пікірлерін тыңдады.

Нақтырақ айтқанда депудатпен кездесу Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылындағы арнайы білім беретін мектеп – лицейінде өтті. Кездесу барысында Нұрлан Сатыбалдыұлы білім беру саласындағы кейбір мәселелерге назар аударды. "Бүгінгідей алмағайып заманда бізге ең алдымен бүртұтастық пен білім қажет.

Білімді ұрпақты, нағыз ұлтын сүйгіш жастарды тәрбиелеу мына сіздердің қолдарыңызда. Бабаларымыз ұстаздың жолы ұлы жол,- деп бекер айтпаған. Ұстаз ұлтты тәрбиелейтін ең ұлы тұлға. Сондықтан сіздердің жағдайларыңызға назар аудару, сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізге құлақ асу маңызды болып отыр. Мен сіздермен осы мақсатта кездесуді арнайы жоспарладым. Ел Үкіметіне сіздердің ой армандарыңызды жеткізетін деп келдім»,-деді.

Кездесу барысында Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Пердебайұлы ауданның тыныс-тіршілігін баяндай келе, қазіргі күнде білім беру жүйесіне қайта-қайта енгізіле беретін түрлі пилоттық бағдарламалардың тым көптігі туралы сөз қозғады. Депутат мәселенің мәніне терең үңіліп, Оқу-ағарту министірлігінің мамандарымен арнайы кездесетіп бұл тақырыпта көтерілген ұсыныстарды тікелей жолдайтынын жеткізді.

Кездесу барысында білім ошағының директоры Даулетхан Жылқайдарұлы ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Сатыбалдыұлына алғысын айта келе мектептің бүгінгі ахуалы туралы баяндады. «Мектебіміз ауданымыздағы ең көне ғимаратта орналасқан тарихи нысан. Мектептің жалпы ішкі өмір қалыпты, балаларды түрлі заманауи салаларға бейімдеп жатырмыз. Соның бірі өнер саласы. Мектебімізде бәрі жақса болғанымен осы өнерлі балалар үшін арнайы акт залының жоқтығы ұжым үшін де, өнерпаз балалар үшін де қиынға соғып отыр. Сондықтан мектебімізге қосымша заман талабына сай акт зал салуға қолдан келгенше көмек қолын созсаңыз»,-деді.

Депутат мәселені аудан не облыс әкімшілігі арқылы шешуге болатындығын айта келе бұл іске барынша қолдау білдіріп, аудан әкімшілігінің өкілдеріне назар аудару керектігін баса айтты.

Жүздесу мектеп ұжымымен естелік суретке түсумен қорытындыланды.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы