![](https://osdp.kz/storage/temp/public/2b4/771/3e6/thumb_1167_400_0_0_0_auto__400.jpg)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының фракция мүшесі Ажар Сағандықова Әл-Фараби ауданы, Қабанбай батыр көшесінде орналасқан 2А, 2Б және Анаров 10, 10 А көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар бірнеше жылдан бері шешімі табылмай келе жатқан ирригация мен кәріз жүйесінің жүйелі жұмыс істемей отырғанын жеткізді. Одан бөлек, қоқыстың шығарылуы мен ауыла аралық жол қаңғыбас иттер, жарықтандыру сынды бірнеше өзекті мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Сондай-ақ, тұрғындар көпқабатты тұрғынүй астынғы бөлігінде орналасқан аңшылық қару-жарақ дүкенінің болғандығына алаңдаушылық білдіретіндерін жеткізді. Қару-жарақ дүкені болғандықтан оның қауіпсіздігі де ерекше болуы керектігін айтты.
Өз кезегінде депутат Ажар Сағандықова айтылған мәселелердің бәрін тізіп жазып, қаладағы партия филиалына арнайы хат жолдау керектігі жөнінде кеңес берді. Мәселені жеке назарда ұстайтынын жеткізді. Ал қала әкімдігінің арнайы өкілі Берік Жамаев кездесуге жиналған тұрғындар алдында көтерілген мәселелердің алдағы уақытта шешімі табылатыны жөнінде уәде берді.
ЖСДП баспасөз қызметі