СУ АЙДЫНДАРЫНЫҢ СЫНАМАСЫ ӨТЕ ТӨМЕН БОЛЫП ТҰР

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Степногорск қаласындағы белсенді мүшелері Ақмола облыстық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес, қаладағы су айдындарының экологиялық жағдайын тексеру бойынша мониторингтік топтың жұмысына қатысты.

Рейд барысында Ақсу өзенінен су сынама алынып зерттелді. Нәтижесінде су 6-класқа жататыны анықталды. Бұл дегеніміз өзен суының өте жоғары жағдайда ластанғанын дәлелдейді.

Ақмола облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалының мәліметіне сәйкес, өңірдегі 20 су айдынында бақылау жүргізілген. 8 өзендік нысаннан 12 нүктеден су сынамасы алынан. Олар, Есіл, Жабай, Беттүбұлақ, Ақсу, Сілеті, Қылшақты, Шағалалы, Ащылыайрық.

Жоспар бойынша өзендерден су сынамалары ай сайын, ал көлдерден мамыр-қазан айлары аралығында алынады. Су сапасын талдау 27 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі. ЖСДП Ақмола облыстық филиалы мен «Қазгидромет» РМК филиалы экологиялық бақылауды күшейту мақсатында бірнеше мақсатты шараларды жүзеге асыруды қолға алып отыр. Оның алғашқысы айдындарда қоғамдық бақылауды күшейту. Мұнда су айдындары мен жағалауларын бақылап қоқыс пен өзге де тұрмыстық қалдықтардың төгілмеуін қадағалау. Бұл шаруаға жергілікті тұрғындар, волонтерлер мен эко-активистерді тарту арқылы экологиялық рейдтер ұйымдастыру қолға алынбақ. Ал қандай да бір заң бұзушылық анықталса дереу халыққа жариялап, құзырлы орындарға баяндау маңызды болмақ.

Енді айдындарды ластаушы кәсіпорындарға бақылауды күшейту жөнінде әкімдік пен экологиялық мекемелерге ресми сұраныс жіберу. Су айдындарын тазарту және ластанудың алдын алу бойынша бірлескен бағдарламалар әзірлеу. Экологиялық мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер мен қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру жұмыстарын жергілікті әкімдіктермен бірлесе жүргізу қолға алынуда. Сонымен берге, мектептер мен жоғары оқу орындарында су ластану проблемалары бойынша дәрістер мен семинарлар өткізу. Су ресурстарын ұқыпты пайдалануға шақыратын ақпараттық шаралар ұйымдастыру. қоқысты бөлек жинау және су айдындары маңындағы рұқсат етілмеген қоқыс орындарымен күресу бойынша бастамаларды енгізу шаралары да қоса жүргізілмек.

Ал, жергілікті белсенді топ пен бірге тұрғындарды тарта отырып жағалаулар мен су айдындарын тазарту бойынша сенбіліктер өткізу. Су сапасын жақсарту үшін жағалауларға ағаш отырғызу және табиғи сүзгі жүйелерін қалпына келтіру. Су айдындарының биологиялық әртүрлілігін қалпына келтіруге бағытталған экологиялық жобаларды іске асыру.

ЖСДП Ақмола облыстық филиалы су айдындарының экологиялық жағдайын бақылауды жалғастырып, уақтылы шаралар қабылдауды көздейді.

ЖСДП Ақмола облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы