Төтенше жағдайларды цифрлық технологиялар арқылы бақылау маңызды

Бүгінгі таңда төтенше жағдайлардың ішінде қоғамды алаңдатып отырған табиғи апаттар қаупі көбейгені белгілі. Соңғы жылдардағы орман алқаптарының өртке орануы мен жайылым жерлердің жанып кетуі жұртшылықты әбігерге түсірері анық. Көп жағдайда негізгі себептер толық сөндірілмеген темекі, сіріңке, күнмен шағылысатын шыны заттардың қалдығы, ауыр техникадан шығатын ұшқын, орман ішіндегі не алқаптардағы ескі шөп қалдығы және тұрғындардың қоқыстарды жағуы себеп болып жатады.

Осындай қауіп-қатердің алдын алу мен жылдам әрекет ету үшін цифрлық технологияларды жандандыру және жаңарту мақсатында Жалпыұлттық социал-демокртаиялық партия Абай облыстық филиалы облыстың төтенше жағдайлар мен оның алдын алуға байланысы бар бірнеше мекеме басшылары мен өкілдерінің басын қосып, дөңгелек үстел отырысын өткізді. Отырысқа «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің өкілі Қадырбеков Ерасыл Ержанұлы мен Сүйіндіков Нұрбол Ержанұлы, «Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі Абимұратов Алдияр Маратұлы, «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі Талғатов Дарын Талғатұлы, "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі Алдабергенов Аслан Амангелдіұлы келіп қатысты.

Отырыс барысында Ерасыл Ержанұлы: «Басқарма тарапынан "Семей орманы" мен өзара іс-қимыл жолға қойылып, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен келісе отырып, өрт қауіпті аумақтар анықталды. Елді мекендерге жақын орналасқан орман алқаптарын қорғау үшін механикаландырылған патрульдер шығарылды. Сонымен қатар өрт қауіптілігінің барлық кезеңінде АҚ «Қазавиақұтқару» шарттық міндеттемелер аясында Семей қаласының әуежайында су төгетін құрылғысы бар тікұшақ (МИ-8) кезекшілік етеді. Пилоттық жоба ретінде ЖШС «KAZUAV» өрт қауіпті кезеңі аяқталмай тұрып, түтін мен жылу нүктелерін анықтау мақсатында аумақты аэрофотобақылау, барлау, сондай-ақ орман алқабын аэрофотосуретке түсіру үшін қондыру станциясы бар DJI 3D ұшқышсыз ұшу аппараты орнатылды. Басқарма Абай ауданындағы жылу пункттеріне ғарыштық мониторингті жаңарту әр 3 сағат сайын жүргізіледі және жыл сайын "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен шарт жасасады» ˗ деп баяндады.

Қорыта айтқанда, партия тарапынан өз кезегінде барлық қатысушылардың орман алқаптарында өртпен күресудің алдын алу амалдарын тыңдап, олқылықтардың барын анықтап және орнын толтыру үшін төмендегідей ұсыныстар ұсынды:

  • ғарыштық мониторингті 3 сағат сайын емес, 30 минутқа ауыстыру;
  • 38 орманды алқабы бар аумақтарға 1 ұшқышсыз ұшу аппараты емес, кем дегенде 10 данасының болуы;
  • шығындарды азайту үшін деректерді талдауға, болжауға және модельдеуге негізделген орман шаруашылығының төтенше жағдайлары үшін біріктірілген ерте ескерту жүйесін құру;
  • білім беру бағдарламалары арқылы төтенше жағдайлардың алдын алуға қоғамдық ұйымдар мен жергілікті тұрғындарды белсенді тарту;
  • орман шаруашылығы қызметкерлерін және басқа да мүдделі ұйымдарды төтенше жағдайлардың алдын алу және басқаруда цифрлық технологияларды пайдалану бойынша оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламаларын бастау;
  • орман шаруашылығында тиімді цифрлық шешімдерді бірлесіп әзірлеу және енгізу үшін мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар және жеке компаниялар арасында серіктестік құруды қолдау.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Абай облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы