Қаңғыбас иттер мәселесін қалай шешеміз?

Қостанайда былтыр «Айкөмек» орталығына 379 қала тұрғыны бұралқы иттерге байланысты шағым түсірген екен. Әсіресе, көпқабатты үйлердің маңындағы қоқыс жәшіктері мен қаланың шеткі аудандары қаңғыбас иттердің шоғырланатын негізгі орынына айналған.

2023 жылы үй жануарларын тіркеу рәсімі міндетті деп жарияланды. Үй жануарларын қорғаушы Александра Лебединскаяның айтуынша, заң бойынша әрбір жануарды жарақаттамай ұстау және оны УҰП (уақытша ұстау пункті) орналастыру қажет. Бірақ мұндай ұстау пункттері тек кейбір өңірлерде ғана бар. Қостанайда ондай пункт жоқ.

Оның есебі бойынша қала көшелерінде 3000-ға жуық төрт аяқты бар. «Жануарларды стерилизациялау бойынша қазынадан тек 1200 жануарға қаржы бөлінеді. Демек қалған 1800 жануарға қаржы жетпей қалады, ал келесі тендер ұйымдастырылғанға дейін олар көбейіп кетуі мүмкін. Бұл механизмнің тиімді еместігін көрсетеді. Мысалы, 2015 жылы Грузияда барлық қаладағы жануарлар стерилизацияланып, бұл мәселе өз шешімін тапқан», - дейді жануарларды қорғаушы.

«Биылғы жылға облыстық бюджеттен бізге сәйкестендіруге, ұстауға, стерилизация мен вакциналау шараларына 125 миллион теңге бөлінді. Қазіргі таңда барлық иттер стерилизация, вакцинациядан өткен жоқ. Бұралқы иттердің мәселесін шешу үшін әлі 3-4 жыл керек болады», - дейді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Талғат Шамшадин.

Бүгін біз қаңғыбас иттер деп жүрген жануарлардың барлығы кезінде үйде болған. Иелерінің құлықсыздығы салдарынан олар көшеге шығып кетіп отыр дейді жануарларды қорғаушылар. «Барлық қаңғыбас жануарлар үйден шыққан. Адамдар бізге үйде туған күшіктерін орналастыруға көмек сұрап жатады. Қазіргі таңда көпқабатты үйлерді көптеп салып келеді, жеке секторларды ысырып тастап жатырмыз. Кейбір адамдар жеке үйлерінде бес және одан да көп жануар ұстайды. Үй сүрілген кезде, көпшілігі пәтерге көшіп, жануарларын қайда апарарын білмей, оларды көшеге тастап кетуге мәжбүр. Бұл мәселе қала әкімдігі тарапынан толық шешілмеген. Ең дұрысы — қаладағы барлық жануарларды бір уақытта жаппай стерилизациялау қажет», – дейді «Надежда плюс кст» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александра Лебединская.

Өткен жылы қалада көп адамды ит қауып алғандығы туралы мәлмет бар. Аьап айьқанда 2858 адам антирабиялық көмекке жүгінді. Оның 930-ы балалар мен жасөспірімдер. Белгілі болғандай адамдарға зиян келтіргендердің 982 қаңғыбас төрт аяқтылардың үлесінде екен. «Өткен жылы қостанай өңірі бойынша 2719 – үй жануарларынан зардап шеккен азамат түрлі жағдайда ем қабылдаған. Оның ішінде 275-ы мысықтардан, , 21-і ірі қара малдан зардап шекті. 15 адам құтыру диагнозы расталған жануарлардың қабуынан зардап шекті. Үй жануарларына жатпайтын басқа жануарлардан (тышқан, қасқыр және т.б.) – 139 адам жарақат алған. Жалпы иттер құтыру, лептоспироз, тері инфекциялары, паразиттік аурулар және басқа да қауіпті инфекциялардың тасмалдаушысы болып табылады. Тіпті мұндай жағдай тек қаңғыбас иттерге ғана тиесілі деп айтуға болмайды», – дейді Қостанай облысының Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досумова.

Қалада қаңғыбас иттер мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін иесіз жануарлар паналайтын орталықтарға қосымша қаржы бөлу, сондай-ақ зарарсыздандыруды міндеттеу басты міндет болып отыр. Бұл бағытта Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы арнайы зерттеулерін жалғастырып, мүмкіндігінше мәселенің шешімін табуға ат салыспақ.

ЖСДП Қостанай

Смотрите также:
Депутатские запросы
29.01.2025
Депутаттық сауал, Қазақстан Республикасының Премьер-министрдің орынбасары Дүйсенова Тамара Босымбекқызына жолдаймыз
15.01.2025
Депутатксий запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А.
18.12.2024
Депутатский запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А., министру экологии и природных ресурсов РК Нысанбаеву Е. Н.
27.11.2024
Депутатский запрос премьер-министру РК, КНБ, АРРФР, НБ, МЦРИАП, МВД
06.11.2024
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О.А. Бектеновке
23.10.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Министру здравоохранения Министру труда и социальной защиты населения РК
16.10.2024
Депутатский запрос первому вице-премьер-министру Республики Казахстан Роману Васильевичу Скляру.
16.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярға депутаттық сауал
09.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне депутаттық сауал