
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Осы орайда, 2025 жылдың 13 наурыз күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен болашақ жұмысшы мамандық иелері және Тараз қаласы мәслихат депутаты Лесбек Азамат Қайратұлының «Өнеркәсіп - берекелі нәсіп» тақырыбында еркін форматта кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында болашақ жұмысшы мамандық иелері мен Азамат Қайратұлы арасында ашық әңгіме өрбіп, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлі мен маңызы кеңінен талқыланды. Тақырыптың өзектілігі, жұмысшы мамандықтары туралы жастардың түсінігін тереңдету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Пікір алмасу барысында жастар өздерінің жұмысшы мамандықтарының қоғамға қаншалықты маңызды екенін түсініп, кәсіби салаларда алда тұрған мүмкіндіктер мен жаңа идеялар туралы ашық пікір алмасты. Бұл кездесу жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, олардың қоғамдағы рөлі мен міндетін түсінуге көмектесті.
Осылайша, «Өнеркәсіп - берекелі нәсіп» атты кездесу Тараз қаласының жастары үшін маңызды қадам болды. Жастарға жұмысшы мамандықтары жайлы қажетті білім мен ақпаратты беру арқылы олардың болашақта ел экономикасының дамуына өз үлестерін қоса алатындығы жайлы оң пікір айтылды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы алдағы уақытта осындай шараларды жиі ұйымдастырып, жастарды қолдауға бағытталған жұмыстарын жалғастырады.