
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарды қорғаудың өзекті мәселелері» турасында тақырыптық отырыс өтті.
Отырыста депутаттар мен құзырлы орын өкілдері ел азаматтарының әлеуметтік мәселелері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалатын қамқорлықтар жөнінде біршама сауалдарға жауап алды. Соның ішінде табиғи апаттар салдары мен өндірістік және түрлі жағдайда жарымжан болып қалған жандарды ерекше қорғалу жөнінде мәселе көтерілді.
Отырыста сөз алған Жалпыұлттық социал – демократиялық партиясы фракциясының депутаты Нұрлан Әуесбаев, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаевқа Семей палигоны салдарынан зардап шеккен азаматтар мен палигон әсерінен денсаулығына зиян келген жандарды қолдаудағы әлсіздіктер турасында сауал қойды.
«Біз азаматтарымыздың денсаулығына байланысты сөз қозғардан бұрын алдымен осы сырқатқа ұшырап жатқан азаматтар қайдан шығып жатыр? Олардың саны неге көбейіп жатыр?,-деген сауалға жауап тапқымыз келеді. Біз үнемі шырылдап оларға көмектесу керек деп жүреміз. Бәрін қоя тұрып, алдымен ауырушаң жандардың денсаулығына себеп болып отырған жағдайлар турасында сөз қозғасақ. Министрлік бұл жағдай бойынша қандай зерттеулер жасап жатыр? Және қандай да бір нақты ұсыныстары барма, денсаулығына зиян келген жандарды оңалту мен оларға зиян тигізбеудің жолы барма?»,-деді депутат Нұрлан Әуесбаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты тұлғаларына қарата.
Депутаттың сауалына жауап беруге тырысқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтің қорғау министрлігінің «Әлеуметтік көмек» департаментінің директоры Асқар Әбілдаұлы сөзін неден бастарын білмей қатты састы. Асқар Әбілдаұлының үзіп-жұлма жауабынан түсінгеніміз, қазіргі таңда Семейде түрлі апаттар мен келеңсіз оқиғалар салдарынан зардап шекккен азаматтарға жылына бір рет мемлекет тарапынан өтемақы төленіп келеді екен. Одан бөлек бюжеттік мемемелерде қызмет атқаратын азаматтар үшін жылдық еңбек демалсытарын 5 тен 15 күнге дейінгі мерзімге ұзарту көзделген. Ал сырқаттың алдын алу мен оны болдырмау саласын зерттейтін болашақ мамандар Семей қаласында енді даярланып жатқан көрінеді.
Отырысқа еш дайындықсыз келген департамент директоры Асқар Аймағамбетовты төраға Асхат Аймағанбетов көпшіліктің көзінше қатаң сынға алып, ескерту жасады. Ал ЖСДП депутаты Нұрлан Сатыбалдыұлы өз сұрағына нақты жауап алалмағандықтан сауалын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне тікелей жазбаша түрде жолдайтынын айтып отыр.
ЖСДП баспасөз қызметі