ЖСДП Социалистік Интернационал комитетінің кеңсесін ашуға дайын

Мұндай ұсынысты Марокко астанасында өткен Социнтерн кеңесінде партия төрағасы Асхат Рақымжанов айтты.

ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов пен партияның жастар қанатының жетекшісі Мақсұт Насибулов 2024 жылдың 20-23 желтоқсаны аралығында Марокко астанасы Рабатта өткен Социалистік Интернационал Кеңесінің отырысына қатысты. Кеңес отырысында радикалдануға қарсы күресті нығайту мен қатар бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті сақтау сынды ауқымды мәселелер талқыланды.

Отырыста ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов арнайы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Социнтерн бағыты өзінің дамуының жаңа кезеңін бастан кешіріп жатқанын атап өтті. Жаңа сын-қатерлерге байланысты аталмыш сала оқиғаларға тұрақты негізде қарап, нақты мәлімдемелермен жауап беріп отыр. Сонымен бірге үнемі жаңашыл бағытта бастау алуы керек, -деді.

«Мен Шығыс Еуропа мен Орталық Азия комитетін қайта құру туралы қабылданған шешімге өте ризамын, мәні мен мүмкіндігі сол күйінде қалады. Қазір біздің елдерде де үнемі бақылауда болуы тиіс мәселелер бар. Өдан бөлек, Қырғызстан социал-демократиялық партиясының жетекшісі Темірлан Сұлтанбековтың ұсталуы да үлкен мәселе. Оның жағдайы мен денсаулығы бізді бей-жай қалдырмайды. Әсіресе оның аштық жариялағанына бір айдан астам уақыт өткенін ескере отырып, жағдайдың шынымен де күрделі екеніне алаңдаушылық білдіреміз», - деді Қазақстан социал-демократиялық партиясының төрағасы.

Сондай-ақ Асхат Рақымжанов Украинадағы соғыс саяси дағдарысқа ғана емес, гуманитарлық дағдарысқа да ұласқанын атап өтті. Сонымен бірге ЖСДП төрағасы, Беларусьтағы әріптесінің саяси қуғынға ұшырауына да алаңдаушылық білдірді. Беларусь социал-демократиялық партиясының «Народная храмада» төрағасы Николай Статкевич бес жылдан астам уақыт бойы түрмеде отырғанын және ол туралы мүлдем мәлімет жоқ екенін еске салды.

Одан бөлек Асхат Рақымжанов комитеттің белсенділігінің төмендігі салдарынан Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстаннандық әріптестерімен байланыс үзілгенін атап өтті. Қалай десе де бұл елдердің партияларының аймақтағы социал-демократиялық қозғалыстарының мүмкіндігі зор екендігін айтты.

«Осыған байланысты біздің партия өңірде Комитеттің жұмысын үйлестіріп, ұйымдастыру үшін кеңсе ашуға дайын. Мен төмендегідей ұсыныс та айтқым келіп отыр: біздің елдердің парламенттерінде өкілдері бар партиялар жұмыс істейді. Социнтерннің мемлекетаралық немесе парламентаралық ұйым емес екенін түсінемін, бірақ заң шығару ісінде жинақтаған тәжіримізді сіздермен бөлісе аламыз деп есептеймін. Парламенттегі жұмыс кезінде заңдар мен заңдарға түзетулер енгізу сынды тәжірибеміз социал-демократияның идеалдары мен қағидаттарын алға жылжытуға, бекітуге және ресми түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді ОСДП жетекшісі әріптестеріне қарап. Сонымен қатар ол Социалистік Интернационал конгресінің қатысушыларын Қазақстан Республикасы Парламентіндегі ЖСДП-ның қызметімен таныстырды. Атап айтқанда, ЖСДП-ның 4 депутаты қарапайым еңбек адамдарының құқықтарын қорғау және кәсіподақтардың қызметін күшейту, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық, заңсыз есірткі тасымалы, заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтару, т.б. сияқты әлеуметтік демократия үшін маңызды мәселелер бойынша ұстанымдарды қорғайтыны туралы баяндады. Ал қазір ЖСДП ауыл тұрғындарының құқықтарын қорғауға және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған заңдардың қабылдануына ықпал етіп жатқандығын баяндады.

«Бізге Социал-демократияның құндылықтарын ұмытуға болмайды. Біз жан-жағымызды кеңейту арқылы өз ұстанымдарымызды насихаттауымыз керек...», - деп сөзін түйіндеді Асхат Рақымжанов.

Социнтерн кеңесі отырысының соңында Қырғызстан мен Беларусь социал-демократиялық партияларының жетекшілерін қамауға алу туралы, Гаити, Никарагуа, Сирия, Судандағы жағдай туралы, Украинадағы соғыс туралы резолюция қабылданды. Одан бөлек, Израиль мен Палестина, Руанда мен Конго арасында Социалистік интернационалдың жаңа бағдарламалық құжаты – Болашақ пактінің жобасы қаралды.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы