Қалада әр адамға орын бар!

Өтіп кетпей, назар аударғаныңызға рақмет.

Егер дәл қазір осы мәтінді сіз өз телефоныңыздан оқып отырсаңыз, автобусқа ілінген постер сізді бейжай қалдырмағаны. Демек сіз өзгелерді түсінуге және үнемі көмектесуге даяр тұрған жансыз. Бұл – үлкен құндылық.

Едеше бұл парақша дәл сіз үшін дайындалды.

Аутизм деген не? Аутизм – еркелік те, тәрбиенің кемшілігі де емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктемесіне сәйкес, аутизм – мидың даму ерекшеліктеріне байланысты туындайтын бұзылыстар. Оны тәрбиемен немесе қатаң тыйым қою арқылы «емдеу» мүмкін емес. Бұл – адамның бұл әлемді өзгеше қабылдауы. Егер бала құлағын екі қолымен басып мазасызданса, ол еркелеп тұрған жоқ. Маңайдағы шуыл оған шын мәнінде ауыр тиіп жатуы мүмкін. Егер бала автобуста айқайлап түрлі дауыс шығарып кетсе, оны түсініңіз. Ол өзіне назар аудартқысы келіп жатқан жоқ. Керісінше, айналасындағы дыбыстар, жарық пен иіс, адамдардың көптігі оны шамадан тыс шаршатып, мазасыз күйге түсіріп жіберуі мүмкін. Ол бала осы бір жағдайлармен қалай күресуді әлі білмейді, Шаршауы мүмкін. Осындай баланың артында күн сайын бейтаныс адамдарға жағдайды түсіндіруден әбден шаршаған ата-ана тұрады. Олар жәй ғана көшеге серуендеу үшін үлкен күйзеліске ұшырайды. Ондай балаларды кейбір адамдар түсінбей сын айтып жақтырмайды. Кейде н «балаңызды тыныштандыра алмайсыз ба?» деген ескерту сөздер де айтылады. Қазақстандағы жағдай

237 000 +

Елімізде 2026 жылғы жағдай бойынша 237 000-нан астам балаға ерекше білім беру қажеттілігі бар,- деп тіркелген.

Олардың 80 пайыздан астамы – аутизм, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары мен ерекшеліктері бар балалар. 2019 жылдан бері аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балалар саны 5 есеге артқан.

Бұл отбасыларға шын мәнінде не қажет?

Оларға аяушылық та, ақыл-кеңес те қажет емес. Оларға: қоғамның өздерін бөлмеуі, шет қалмай қалыпты өмір сүру мүмкіндігі.

Автобуста, қоғамдық орында орын бере салу – сіз үшін болмашы ғана әрекет. Ал бұл әрекетіңіз сол отбасы үшін үлкен қолдау болуы ықтимал.

Ешқашан айыптамаңыз.

Керісінше жылы ғана жымыя салу – ана мен балаға серпін береді.

«Алаңдама бәрі жақсы» деген бір ауыз сөз – өмірді, әлемді жақсы көруге көмектеседі. Инклюзивті қоғам қалай қалыптасады?

Инклюзивті қоғам тек заңдардан құрылмайды. Ол сіз бен біз жасайтын қарапайым әрі маңызды әрекеттерден басталады. Неліктен бұл ақпарат автобусқа орналастырылды? Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) мен AUTISM KAZAKHSTAN Ұлттық қауымдастығы еліміз бойынша қоғамдық көліктерде ақпараттық плакаттар орналастыруға бағытталған бірлескен әлеуметтік жобаны іске қосты. Бұл – жарнама емес. Бұл – саясат емес. Бұл – күн сайын мыңдаған қазақстандық отбасы кездесетін жағдайлар туралы қоғаммен ашық әңгімелесу. ЖСДП-ның ұстанымы бойынша, мықты мемлекет ең алдымен ең осал азаматтарын қорғай білуі керек. Ал AUTISM KAZAKHSTAN қауымдастығы, мыңдаған отбасының өмірі негізінде біз үшін ең алдымен ақпараттанған қолдау, – үлкен қолдау мен саналы түрде қабылдауға кепіл бала алады.
Біздің мақсатымыз – ерекше баласы бар ешбір ата-ана қоғамдық көлікке мінуден қорықпайтын қоғам қалыптастыру.

Барлығын өзгерте алатын үш қарапайым қадам

1.Айыптамаңыз. Ерекше мінез-құлық ескерту жасауға себеп емес. Бұл – әлемді өзгеше қабылдау ғана. 2.Қамқорлық танытыңыз. Орын беріңіз. Есікті ұстап тұрыңыз. Жылы жымиыңыз. Бұл сіз үшін қиын емес, бірақ олар үшін өте маңызды.

3. Басқалармен бөлісіңіз. Осы ақпаратты жақындарыңызға жеткізіңіз. Әрбір ақпаратыңыз барлығы үшін аса маңызды. Мейірім. Түсіністік. Қолдау. Жоба серіктестері: Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) AUTISM KAZAKHSTAN Ұлттық қауымдастығы