Бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ЖСДП фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев, конституциялық реформаны саяси эмоциямен емес, нақты деректер мен ұзақ мерзімді өзгерістер логикасы арқылы бағалау қажет екенін айтты.
Өз сөзінде мәжілісмен көпшілікті нақты деректерге сүйеніп, мәселенің мәніне үңілуге шақырды.
«Қазіргі конституциялық реформа табан астынан пайда бола салған дүние емес. Бұл Қазақстанның 2022 жылдан бастап қолға алған күрделі саяси өзгерістерінің заңды жалғасы деп түсіну керек. Ол кезде еліміз саяси күйзелістерсіз, біртіндеп эволюциялық реформалар жолымен алға жылжыды. Қазір халық арасында бір палаталы парламентке қатысты сыни пікірлердің көбейгенін көріп отырмыз. Осы тұста “Неге дәл қазір бұл мәселе сынға себеп болып, ел Парламенттің тиімділігін талап ете бастады?” деген заңды сұрақ туындайды», — деген депутат бұл сауалдың да жауабы бар екенін баяндады.
«Біз заң шығарушы органның күрделі әрі ауыр жүйесінен бас тартып, қоғам үшін қарапайым, әрі түсінікті және жауапты формаларына көшу қажет деп есептедік. Социал-демократтар үшін бұл көтеріліп жатқан мәселелер ешқандай жаңалық емес деп айтуға болады. 2013 жылы ЖСДП қабылдаған бағдарламасында унитарлы мемлекет үшін екі палаталы парламенттің тиімсіз екені нақты әрі дәйекті түрде айтылған», - деді депутат Нұрлан Сатыбалдыұлы.
«Халық кеңесі» деген қоғамдық диалог алаңы қалыптасатынын тілге тиек еткен ЖСДП өкілі Әуесбаев, бұл құрылым азаматтардың жеке ұсыныстарын еркін білдіруге және қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтуға арналған жаңа жоғары консультативтік орган болатынын айтты.
«Айрықша атап өтетін тағы бір жайт — Конституцияның жаңа жобасында билікті бір қолға шоғырландыру мүмкіндігі толықтай жоққа шығарылады. Президент өкілеттігі бір рет қана міндеттеліп, тек жеті жылдық мерзім бекітілді. Ал президент өкілеттілігін уақытша атқарушы тұлғаға енді қайта сайлану құқығы берілмейді. Сонымен қатар, келесі президентке Конституцияны өзгертуге және Парламентті таратуға қатысты өкілеттіктер беру негізсіз деп танылды», — деп атап өтті Нұрлан Әуесбаев.
Қоғам "Ата заңның жаңа жобасы негізінде азаматтардың құқықтары шектеледі" деген алаңдаушылық білдіріп жүр. Десе де, ұсынылған нормаларды мұқият оқысаңыз, адам құқықтарының шектелуі туралы ешқандай ой қозғалмаған. Атап айтқанда, бейбіт жиналыс өткізу еркіндігі, сөз бостандығы, өз пікірін айту құқығы – бұрын қалай бар болса, сол күйінде айна қатесіз сақталды. Тек тұжырымдамалар нақтыланып, құқықтық рәсімдеулер түзетілуде. Сондықтан, мұны "шек келтіру" деп көрсетуге негіз жоқ, – деген негізгі қағидаларды да қосып, нақтылады. Бұл қағидалардың дені ЖСДП-ның 20 жылдан бергі жүріп өткен жолында айқын, бедерлі күйде тұрғандығы жөнінде де көпшілікке ой салынды ол.
ЖСДП баспасөз қызметі