Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Астанада рес-публикалық деңгейде «Әйелдің үні – ұлттың күші!» атты сайлауалды форум өткізді.
Іс-шара барысында гендерлік теңдік, әйелдердің құқықтарын қорғау және партияның «Прогресс жолындағы 20 белес!» сайлауалды бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Форумға ЖСДП-дан ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттар, гендерлік саясат саласындағы сарапшылар, қоғамдық пікір көшбасшыла-ры, көпбалалы аналар, ҮЕҰ өкілдері, партия белсенділері мен жақта-стары қатысты.
Форум жұмысы барысында алғашқы болып сөз алған кандидат, ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов гендерлік теңдік – әлемдік деңгейде көтеріліп отырған және ЖСДП-ның социал-демократиялық бағыттағы ұстанымы екенін айтты.
«Бұл – біздің партияның бағдарламасымен үндесетін ұстаным. Әлем қазір осы гендерлік теңдікті алға шығарып келеді. Әйтпейінше, өр-кендеу мен даму болмайтындығы түсінікті болып отыр. Әрине, әйелдеріміз де жан-жақты жетілуі қажет. Олар саяси сауатты бо-луы тиіс. Біздің қыздарымыз бен аналарымыз, жұбайларымыз да лау-азымды қызметтер атқарып, өздерінің білім-білігін шыңдай беруі қажет. Жалпы, өздеріңіз байқағандай, әйел азаматтар бар жерде мейірім мен татулық болады. Сондықтан біздің ұстанымымыз – әйел тек отбасында ғана емес, әлемдік деңгейде де жетістікке же-те алатынына сену және отбасылық зорлық-зомбылықты жою. Біз қазір жоғары заң шығарушы орындар мен билік құрылымдарында әйелдердің үлесі 30 пайыз болуы керек деп айтып жүрміз. Ал біздің партия бұл бастаманы талай жылдан бері қолдап келеді», – деді.
Партияның сайлауалды бағдарламасында гендерлік теңдікке ерекше мән берілген. Отбасындағы кейбір қиын жағдайлар біздің қоғамды кері тартып, жалпы мәдениеттің өркендеуіне кесірін тигізетіні анық. ЖСДП-дан ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидат Раушан Аубакирова осыны атап өтті.
"Қазақта «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербе-теді» деген ұлағатты сөз бар. Әрине, ұлтымыздың тарихында осы сөзге дәлел болатын қаншама нәзік жанды тұлғалардың барын білеміз. Кешегі өткен замандардағы Тұмар ханшаны бәріміз білеміз. Домалақ ана, Әлия мен Мәншүктің ерлігі де ел есінде. Сондықтан біздің ұлт, біздің ел нәзік жандылардың білім-білігін, қарым-қабілетін түсінеді, сезінеді деп білемін. Ал біздің партия – тең мүмкіндіктер партиясы. Сондықтан ЖСДП әйел азаматтардың белсенділігін ерекше қолдайтын бірден-бір саяси ұйым", – деді.
Жалпы, ЖСДП ұсынып отырған әйел теңдігі тақырыбы қазақ халқының ежелден бергі ұстанымы екені рас. Бұл теңдік мәселесі әр заманда өзінің ерекше бір сипатымен алға шығып отырғаны белгілі. Бұл туралы ЖСДП-дан ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидат, партияның Орталық аппаратының басшысы Мақсұт Насибулов егжей-тегжейлі баяндады.
«Бұл мәселені біздің Алаш зиялылары да ерекше жағдайда қолға алғаны белгілі. Олар талай әйел азаматшаларды Еуропа елдеріне оқуға жіберіп, түрлі мемлекеттік қызметтерге араластырды. Олар сол уақыттың өзінде әйелдердің мүмкіндігін білді. Біз өзімізді осы Алаштықтардың жолын жалғастырып келе жатқан партия ретінде айта аламыз. Себебі біздің партия әйелдердің теңдігін қай жағынан болмасын қолдайды. Бір айта кететіні, бүгінгі форумды жоспарлаған әйелдер емес, пар-тиядағы ер азаматтар болды. Ер азаматтардың идеясынан туындаған форум десем де болады. Өздеріңіз оң қапталда тұрған чек үлгісін көріп отырсыздар. Осы жерде әйел азаматтың отба-сындағы ұрпақ пен қызметтегі құны нақты белгіленіп, таңбаланып отыр. Көз жүгіртіп қараған жан түгел түсінеді деп ойлаймын. Сондықтан әйел азаматтардың өмірін жақсартудан бөлек, олардың шексіз мүмкіндіктерін сезінудің өзі оларды мойындау деп білемін. Біз қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерді жоюды қолға аламыз. Бағдарлама-мызға жазып, сол бағытта жұмыс істейтін боламыз. Ал бір айтатын дүние – кез келген бастама не ұстаным ұлттық құндылықтың ай-наласынан алшақтап кетпеуі керек. Әр ұлтқа тән ерекшелік, ұста-ным мен өркендеу қазіргі уақытта да маңызды болмақ», – деді ол.
Шындығында, ұлттың ерекшелігі әр қоғамда, әр елде бар. Себебі онсыз кез келген бастаманың алға баспайтыны да шындық. Ал қоғам өркендеген сайын оның екінші қыры пайда болып шығатыны да жасы-рын емес. Әсіресе отбасылық жанжал мен түрлі кемсітушіліктердің орын алуы кейде жағдайды күрделендіріп жіберетіні бар. Бірақ ЖСДП жаңа дәуірде, өркениетті қоғамда бәрі ақылмен шешіліп, тең дәрежеде дамуы керек деген ұстанымды алға тартады.
«Алдарыңызда ұсынылып тұрған чектің үлгісіне қарап-ақ, біздің қоғамда әйелге деген жүктеменің қаншалықты ауыр екенін түсінуге болады. Осы жағдайды ескере отырып, біз партияның бағдарлама-сында әйелдер қауымына тең мүмкіндіктер беретін, оларға көңіл бөлетін, саясатқа араласуына, жетістікке жетуіне қолдау көрсе-тетін жобаларды ұсынып, бағдарламаға енгіздік», – дейді ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидат Максим Андрюшин.
«Бүгінгі форумда әйелдердің қоғамдағы орны, олардың құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы маңызды мәселелер көтерілді. Әйел – отбасының ғана емес, тұтас қоғамның дамуына үлес қосатын үлкен күш. Сондықтан әйелдердің білім алуына, кәсіби және саяси тұрғыдан дамуына мүмкіндік жасау – баршамызға ортақ міндет»,-деді қорытынды сөзінде ЖСДП атынан ҚҰ Рұрылтайы депутаттығына кандидат Ажар Сағандықова.
Жалпы алғанда, форум аса тартысты өтті десек болады. Себебі форумға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, гендерлік теңдікті қолдап отырған ЖСДП-ны қолдайтындықтарын жеткізді. Форум аясын-да түрлі өмірлік мысалдар да айтылып, қоғам алдындағы кейбір бүрке-меленіп қалатын жағдайлардың да беті ашылды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) қашан да әділдікті, еркіндікті, теңдікті ту етеді.
ЖСДП сайлау алды штабының баспасөз қызметі