Ұлытауда өндірісте жарақат алып, мүгедек болып қалған регрессниктермен депутат жүздесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаевтың Ұлытау облысына жұмыс сапары барында өндіріс орындарының бұрынғы жұмысшылары бүгінде мүгедектер қатарында. Депутат осы азаметтармен арнайы кездесті.

Өндірістік жарақаттар алып кәсібнің нәсібін көре алмай, қартайған шақта ауру болып отырған бұл азаматтар бүгінде еңбекке жарамсыздар қатарында. Тәндеріндегі сырқаттың салдарынан жұмысқа жарамдылық қабілетінен айырылып отырған азаматтармен кездескен ЖСДП фракциясының мүшесі олардың басындағы біршама мәселені қағазға түртіп алды. Кездесу барысында қатысушылар өз жағдайларын жан-жақты баяндай келе регрессник ретінде алатын төлемдеріне, әлеуметтік қолдаулар мен қатар көп жылдан бері кесір болып келе жатқан құқықтық әділетсіздікке байланысты мәселелерді баяндады. Әсіресе, өндірістік жарақат салдарынан еңбекке жарамсыз болып қалған азаматтарға төленетін өтемақылардың тәртібі мен мерзіміне әсер еткен заңнамадағы өзгерістерге ерекше назар аударылды. Мүгедек-регрессниктердің айтуынша, қолданыстағы заң нормалары өндірістің кері әсері салдарынан зардап шеккен азаматтарды шартты түрде «екі санатқа» бөліп отыр:

1- 2015 жылғы мамырға дейін жарақат алған азаматтар регрессник ретінде төлемдерін алуды жалғастыруда; 2- 2015 жылғы мамырдан кейін жарақат алғандар зейнет жасына жеткен соң бұл төлемдерден айырылып қалуда.

Кездесуге қатысушылар мұндай тәжірибенің кемсітушілік сипатқа ие екенін және ауыр әрі қауіпті жағдайда ұзақ жылдар еңбек еткен адамдардың құқықтарын шектейтінін атап өтті. Сондай-ақ зардап шеккен жұмысшылар, оның ішінде бұрынғы шахтерлер мен «Қазақмыс» корпорациясы қызметкерлерінің мүддесі үшін ҚР Азаматтық кодексінің 944-бабының 1-тармағы мен 938-бабының 6-тармағындағы бұрынғы нормаларды қайта қалпына келтіруді талап етіп отыр.

«Біздің өндірісте жұмыс істеп жүріп денсаулығымызға 8 түрлі фактор әсерінен зардап келгенін дәрігерлер айтып отыр. Салдарынан қан қысымымыз көбейіп буын ауыруы дендеп кетті. Жүре алмай қалғандар да бар. Жұмыс-жұмыс деп жүріп денсаулығымыздан айрылдық. Ал заңның өзгеріп кетуі салдарынан құқығымыз тапталып отыр. 2015 жылы Заңның өзгеріп кетуіне біздің қандай кінамыз бар? 2015 жылға дейін зейнетке шыққандар жыл сайын оңалту орталығына барып ем алады. Өтемақылары да орынында. Ал 2015 жылдан кейін зейнетке шыққан біздер ешқендей қолдау көріп отырғанымыз жоқ. Тіпті зейнетақымыз да өте төмен болып бекітілді. Алатынымыз 110 000 теңге (жүз он мың. Ол қайда жетеді?»,- дейді регрессниктер.

Депутат азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, көтерілген барлық мәселелерді тіркеді және оларды Парламент пен Үкімет деңгейінде жүйелі түрде қарау қажеттігін атап өтті. «Бүгін осы Жезқазған қаласында өндіріс салдарынан денсаулығынан айрлған регрессниктермен кездесіп олардың жағдайымен таныстым. Әрине осыған дейін де бұл мәселе көтерілген болатын. Бірақ, өкінішке орай ешқандай алға жылжушылық байқалмады. Бүгінгі айтылған мәселелерді тіркеп алдағы уақытта ЖСДП фракциясының мүшелерімен бірлесіп айтылған жағдай бойынша жұмыс жүргізетін боламыз. Азаматтардың құқықтарын қорғау біздің басты міндетіміз»,-деді Мәжіліс депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев.

Кездесу қорытындысы бойынша өндірісте мүгедек болған азаматтарға қатысты регресс төлемдері мәселесін алдағы уақытта қайталап көтерілетін болды. Өндірісте зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік әділеттілік мәселесі өңір үшін ең өзекті тақырыптардың бірі болып қала береді және кешенді заңнамалық шешімдер талап етіледі.

ЖСДП баспасөз қызметі