Өмірде де, саясатта да кедергісіз орта қалыптастырайық!

ЖСДП «Kazakhstan Inclusive Forum 2026» форумын қорытындылады. Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) ұйымдастырған отбасылық ауқымды Қазақстандық инклюзивті форум – Kazakhstan Inclusive Forum 2026 ерекше жағдайда өтті.

Іс-шара 2026 жылдың 23 тамызына белгіленген Құрылтай депутаттарын сайлау қарсаңындағы партияның сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында Астанадығы Кемал Ататүрік атындағы саябақта ашық аспан астында ұйымдастырылды.

Форумға қатысқандардың қатарында мүгедектігі, аутизмі және басқа да даму ерекшеліктерінде тежелу бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, осы саладағы сарапшылар, партияның белсенді мүшелері мен жақтастары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді.

Шараның басты мақсаты – инклюзия саласындағы жүйелі мәселелер мен, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғау. Сондай-ақ қазақстандықтардың өмір сүру сапасын түбегейлі жақсартуға бағытталған ЖСДП-ның сайлауалды заңнамалық бастамаларын таныстыру болды.

Форумның мазмұнды бағдарламасы аясында панельдік пікірталастар, сараптамалық сессиялар, сондай-ақ менталдық және физикалық ерекшеліктері бар балалар мен ересектерге бейімделген интерактивті шеберлік сабақтары мен дамыту алаңдары ұйымдастырылды.

Шара дарысында арнайы ұйымдастырылған консультациялық пункттерде қатысушылар мамандар мен партия өкілдерінен құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша тегін кеңес алды.

Талқылауға ЖСДП-ның Құрылтай депутаттығына кандидаттары – Асхат Рақымжанов, Нурия Балтабайқызы, Ажар Сағандықова, Талғат Тәтиков және Наурыз Сайлаубай, сондай-ақ басқа да сарапшылар қатысты.

ЖСДП төрағасы, Құрылтай депутаттығына кандидат Асхат Рақымжанов өз сөзінде форумның маңыздылығын назарға алып, партияның әлеуметтік әділеттілік саласындағы сайлауалды басымдықтарына тоқталды:

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – социал-демократия идеологиясын ұстанатын бірден бір партия. Демек, ең алдымен, бұл – баршаға әлеуметтік теңдікті көздейтін партия. Басқа партияларға қарасақ, олар – негізінен бизнес пен жекелеген олигархиялық топтардың мүддесін қорғайтын оңшыл партиялар. Өкінішке қарай, олардың бағдарламаларында әлеуметтік әділеттілік пен баршаға тең мүмкіндіктер туралы ештеңе айтылмайды»,-деді ол халық алдына шығып сөйлеген сөзінде.

«Бағдарламамыздың басым бағыттарының бірі – инклюзия үдерісін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету және оның барлық қажетті шарттарын қалыптастыру. Қоғамда барлық адам тең екендігін түсіну мәдениетін қалыптасуы аса маңызды. Инклюзия – ең алдымен адамдарды әлеуметтену үдерісіне, қоғам өміріне әр кезеңінде толыққанды араласуды талап етеді. Бүгін біз, ең алдымен, ерекше балалар туралы айтып отырмыз. Олар әрқашен кез келген ортада өзін еркін сезінуі өте маңызды», деді. Сонымен қатар Асхат Нұрмағамбетұлы өз отбасы туралы да ашып айта келе, ерекше балаларды әрқашан қолдау керек екенін, тіпті бір күнде назардан тіс қалдырмайтындығын жеткізді.

«Менің өзімнің де ерекше қажеттілігі бар ұлым бар. Сондықтан агрессияны оның мүлдем қабылдамайтынын, керісінше, өз ішіне тұйықталып қалатынын жақсы білемін. Сол себепті ерекше балалар өздерінің қоғамның қамқорлығында жүргенін сезінуі керек. Қоғамда оларды өзгелерден бөлек немесе өзгеше қабылдайтын адамдар болмауы тиіс. Бұл – бүгінде әлемдік үрдіске айналған мәселе. Егер он жыл бұрын 10 мың адамның арасында 31 диагнозы бар бала болса, бүгінде бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Сондықтан инклюзивті ортаны сапалы түрде қалыптастыру тек отбасының жеке мәселесі емес, мемлекеттік саясаттың басым бағыты болуы қажет. Біздің партия бұл мәселені өзінің сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіледі», – деді ол өз сөзінде.

Форум барысында аутизм спектрінің бұзылыстары және басқа да менталдық ерекшеліктері бар балаларды ерте диагностикалау, заманауи оңалту және әлеуметтік бейімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Құрылтай депутаттығына кандидат Нурия Балтабайқызы баланың дамуындағы барлық кезеңде отбасыларға кешенді қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті:

«Аутизмі немесе басқа да даму ерекшеліктері бар балалар өсіп жатқан отбасылар күн сайын орасан зор эмоционалдық және қаржылық салмақпен бетпе-бет келеді. Форум барысында жетекші ғалымдар мен тәжірибелі сарапшылардың қатысуымен түзету орталықтарының жетіспеушілігі, білікті мамандар тапшылығы және білім беру ұйымдарына қабылдану кезінде кездесетін кедергілерді талқылап жатырмыз. Бұл өте маңызды. Себебі кез келген осндай отбасы, әсіресе аналар қолдауға зәру. Сайлауалды науқанға кірісе отырып, біздің партия алдына нақты міндет қойып отыр. Онда ерте балалық шақтан бастап ересек өмірге дейін инклюзивті білім беру мен оңалтудың үздіксіз жалғасуын заңнамалық тұрғыдан бекіту. Бүгінгі айтылған пікірлерді келе бізде кезек күттірмейтін заң жобалары жұмыс пакетімізге енгізіледі», – деп атап өтті ол.

Сараптамалық сессиялар барысында мүгедектігі бар азаматтардың экономикалық дербестігін қамтамасыз ету, арнайы жұмыс орындарын құру және шын мәнінде қолжетімді қалалық ортаны қалыптастыру мәселелері де жан-жақты қаралды.

Kazakhstan Inclusive Forum 2026 қорытындысы бойынша ЖСДП-ның сарапшылар тобы нақты ұсынымдар мен ұсыныстар пакетін әзірледі.

23 тамыздағы сайлау қарсаңында бұл бастамалар партияның әлеуметтік қорғау және Қазақстанның инклюзивті дамуы мәселелері жөніндегі сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының біріне айналды.

ЖСДП Орталық сайлауалды штабының баспасөз қызметі