ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалы Қонаев қаласының орталық саябағында қала тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Іс-шараға қаладағы зейнеткерлер мен белсенді азаматтар қатысты. Кездесу барысында партия өкілдері қатысушыларға ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ақпараттық және үгіт-насихат материалдарын таратты. Сонымен қатар қала тұрғындары мен зейнеткерлердің өміріне тікелей әсер ететін өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасып, ауқымды әңгім өткізді.
Кездесуде көтерілген ең өзекті мәселелердің бірі қаладағы «Ұзақ өмір сүру орталығыныда» жеке ғимараттың болмауы мәселесі болды. Бүгінде аталған орталыққа шамамен 250 зейнеткер келіп, түрлі сабақтарға қатысып, әр-алуан іс-шараларға белсенді араласады. Алайда орталықтың тұрақты жұмыс істеуіне арналған жеке ғимараты жоқ. Жаз мезгілінде кейбір іс-шараларды ашық аспан астында өткізуге мүмкіндік бар. Бірақ күн суытып, қыс мезгілі басталған шақты ғимарат мәселесі ерекше өзекті бола түседі. Кездесуге қатысушылар ЖСДП өкілдеріне төмендегідей бірнеше түрлі ұсыныс берді.
• «Ұзақ өмір сүру орталығына» арнап жеке ғимарат салу; • зейнеткерлер тұрақты түрде сабақтар мен жаттығулар, мәдени және әлеуметтік іс-шаралар өткізетін қолайлы ғимарат бөліу не тауып беру қажеттігін ерекше атап өтті.
Кездесу белсенді әрі сындарлы диалог форматында өтті. Зейнеткерлер өздерін толғандыратын мәселелерді айтып қана қоймай, аға буын өкілдерінің өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстарын да ортаға салып өздерінің ойларын білдірді. ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалы зейнеткерлердің лайықты өмір сүруі мен әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мемлекеттік және қоғамдық саясаттың басым бағыттарының бірі екенін айтып, қарттарымызға қолдау үздіксіз жалғасы беру керектігін алға тартты. Кездесу соңында қатысушылар ЖСДП-ны қолдайтындарын білдіріп, алдағы сайлауға барып, арнайы дауыс беруге ниетті екендерін жеткізді.
ЖСДП Орталық сайлауалды штабының баспасөз қызметі