Рәміздер күні құтты болсын!

Қымбатты Қазақстандықтар! Бүгінгі мемлекеттік рәміздер күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Арайлы азаттығымыздың кепілі болған Мемлекеттік рәміздерімізді айқындайтын бүгінгі 4 маусым күнінің маңызы мен мәні ерекше. Бұл күн – ақталған үміттер күні болып біздің егемен Қазақстанымыздың тарихының төрінен орын алды. Қазіргі таңда Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – барша халқымыздың мақтан тұтатын және еліміздің береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарға айналды. Біз рәміздеріміз арқылы шар тарапқа танылып, тыныштық пен түсіністіктің, ізгілік пен татулықтың мекені екенін әлемге үлгі етіп келеміз. Бұдан асқан қымбат ұғым жоқ екенін білу парыз. Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын. Көк байрағымыз көгімізде мәңгі желбірей берсін.