Туристік нысандарға мониторинг жүргізілді

ЖСДП Жетісу облыстық филиалы Алакөл жағалауындағы Ақши ауылының маңында орналасқан туристік нысандарға жоспарлы мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында инспектор мен хабарласып жағалау аумағының санитарлық жағдайы, демалыс орындарының дайындығы, инфрақұрылымның жай-күйі, туристердің қауіпсіздігі және қызмет көрсету сапасы назарға алынды.

ЖСДП Жетісу облыстық филиалының өкілдері жағалау аумағына жауапты мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен, төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен, туристік нысандар мен демалыс базаларының басшыларымен хабарласып жағдайлар нақтыланды. Хабарласу барысында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жағалаудың санитарлық тазалығын сақтау, су көліктерінің қозғалысын белгіленген талаптарға сай ұйымдастыру және қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Партия өкілдері қоғамдық бақылау аясында анықталған ұсыныстар мен ескертулерді жеткізіп, жауапты мекемелерді қауіпсіздік талаптарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстауға және туристік маусым бойы туындаған мәселелерді жедел шешу үшін өзара іс-қимылды күшейтуге шақырды. Мониторинг барысында ЖДСП партиясы Жетісу филилалы су көліктерінің техникалық жағдайына да ерекше назар аударылды. Алайда демалушылар тарапынан гидроциклдердің (скутерлердің) жағалауға шамадан тыс жақын жүруіне байланысты қауіпсіздікке қатысты шағымдар айтылды. Мұндай жағдайлар әсіресе балалар мен суға шомылып жүрген азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Осыған байланысты, Алакөл және Балқаш көлдері жағалауында жүзу және шығу үшін жабдықталған дәлізі бар, алаңы шектелген тұрақ базасы (пирс) үшін жабдықтары бар шағын қайықтар мен басқа да жүзбелі кемелерді мінуге арналған нақты орындарды белгілеу қажет екені анықталды. Қазіргі уақытта бұл мәселені шешу үшін жағалауда арнайы буйлер, құтқарушы мұнаралары орнатылып, су көліктерінің қозғалыс аймақтары және тұрақтары нақты белгіленіп отыр. Сонымен қатар қауіпсіздік қызметкерлері мен құтқарушылар тұрақты бақылау жүргізіп, белгіленген ережелердің сақталуын қадағалауда. Бұл шаралар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталды. Туристік маусым қарсаңындағы маңызды жаңалықтардың бірі – 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Алакөл мен Балқаш көлдеріндегі демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету функциясының Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берілуі судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуге, құтқару қызметтерінің жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Мониторинг нәтижелері көрсеткендей, Ақши ауылындағы туристік инфрақұрылым жалпы алғанда жазғы маусымға дайындығын көрдік.

ЖСДП Жетісу облыстық филиалы