Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Республика күнімен құттықтауы
Қымбатты Отандастар!
Баршаңызды еліміздің басты мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Осыдан 35 жыл бұрын, нақтырақ айтсақ, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттің егемендігі туралы Декларациясын қабылдады. Бұл құжат тәуелсіздігіміздің тұңғыш туын желбіретті. Қазақ халқының сан ғасырлық тәуелсіздік пен еркіндікке деген ұмтылысын бір жола шегендеді.
Кеңестік жүйе әлі де өз күшінде тұрғанына қарамастан, бұл күні тарихта тұңғыш рет Қазақстан териториясының бөлінбейтіндігі мен оның ішкі және сыртқы мүддесіне қол сұғылмайтындығы нақтыланды. Осылайша Республика өз жеріне, оның қазба байлығына, ұлттық құндылығына, халқының тұтастығына айрықша құқылы деп жарияланды.
Сол күннен бастап біздің ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың арманы болған түпкі мақсатқа қол жетті.
Декларация Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлттық-мәдени дамудың барлық мәселелерінде тәуелсіз деп барша әлемге жария етілді. Қазақстан халқы егемендіктің және тұтастықтың басты кепілі болды. Республиканың азаматтары мен заң үстемдігі, халықаралық қатынастардағы субъективтілік пен теңдік сынды мүмкіндіктер ел халқына бұрын-соңды болмаған серпіліс әкелді.
Аса маңызды және инновациялық тұрғыда негіз болған Декларация — бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы барлық елдер арасында алғашқылардың бірі еді. Осылайша — мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтау жолындағы ұлттық сипатқа жол ашылды.
Сол күннан бастап, Қазақстан тарихында посткеңестік елдер арасында өз-өзін еркін ел деп сипаттаған мүлде жаңа мемлекет пайда болды.
Бұл Декларация 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңның қабылдануына мүмкіндік берді.
Сондықтан, Республика күні тәуелсіздіктің алғашқы қадамдарына есік ашқан, халықтың рухы мен мұратын көтеріп, бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайта алатын ерекше мереке. Біздің партия барша қазақстандықтар үшін Республика күнінің құндылығы теңдессіз екенін үнемі ту етеді.
Ортақ мақсатымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Егемендігі оның бостандықпен әділдік жолында мәңгі болуы.
Бұл мерекенің құндылығы сол, әр қазақстандықтың өмірінде игілік пен өрлеудің, сенім мен үміттің берік тірегіне айналуы тиіс.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы барша Қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Ортақ шаңырағымыз – Қазақстанға бейбітшілік пен бірлік, бақ-береке тілейміз!
Еліміздің гүлденуі мен келешегінің кемел болуы өз қолымызда.
Ендеше, ортақ үйіміз – Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың алауы мәңгі жанып тұрғай!
Мереке құтты болсын!