ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Күшіне енген жаңа Конституцияның маңызды қағидаларының бірі, Қазақстанда партиялық тізім бойынша сайланатын бір палаталы Құрылтайды құру болды.

Осыған байланысты біздің ЖСДП партиясы Мемлекет басшысы 23 тамызға белгілеген Құрылтай сайлауын Қазақстанның саяси жүйесін халық билігі мен ашықтық қағидаттары негізінде жаңартуға бағытталған алғашқы нақты қадам ретінде қарастырады.

Біз ендігі жерде Құрылтай өзінің қазіргі заманғы жоғары заң шығарушы әрі өкілдігі басым орган ретіндегі міндетін толық ақтап, мемлекеттік жүйенің халық игілігіне қызмет етуінің тиімді тетігіне айналатынына сенеміз.

Құрылтайдың зор әлеуетін жүзеге асыру оның құрылымынан емес, сайлауды әділ өткізуден басталады. Осыған орай Жалпыұлттық социал-демократиялық партия алдағы сайлау науқанының аса маңызды екеніне ерекше назар аударады. Осы сайлаудың адалдығы мен әділдігі Құрылтай жұмысының нәтижелілігі мен жүзеге асырылатын реформалардың табысты болуының басты кепілі болады.

Партия алдағы сайлауға сәуір айынан бері, яғни сайлаудың болатыны туралы алғаш жарияланған күннен бастап дайындала бастады. Келесі аптада партияның кезектен тыс съезі өткізіліп, онда партиялық тізім бойынша ұсынылатын кандидаттар мен партияның сайлауалды бағдарламасы жарияланады.

Біздің ЖСДП алдағы сайлаудың әділ әрі саяси бәсекелестіктің шынайы алаңына айналуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдейді.

ЗАЯВЛЕНИЕ ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНОЙ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЧЕСКОЙ ПАРТИИ

Одним из ключевых положений вступившей в силу новой Конституции стало учреждение в Казахстане однопалатного, избираемого по партийным спискам Курултая.

В связи с этим наша партия рассматривает назначенные Главой государства на 23 августа выборы в Курултай как первый практический шаг по обновлению политической системы Казахстана на принципах народовластия и открытости.

Мы уверены, что будущий Курултай оправдает свою роль современного высшего законодательного и представительного органа, станет эффективным механизмом служения системы власти во благо всех казахстанцев.

Вместе с тем, реализация огромного потенциала Курултая начинается еще до начала его работы — с проведения выборов. ОСДП подчеркивает исключительную важность предстоящей электоральной кампании. Именно ее честность и справедливость определят главное условие результативности парламентской работы и всех проводимых реформ.

Партия готовилась к выборам с апреля месяца, с момента первого анонсирования предстоящих выборов. На следующей неделе, проведем Съезд партии, в ходе которого объявляем кандидатов, выдвинутых по партийному списку, и предвыборную программу партии.

Наша партия выражает свою решимость всемерно содействовать тому, чтобы предстоящие выборы стали реальной площадкой справедливой политической конкуренции.