Қазіргі таңда еліміздің дамуында жаңа идеяларды жүзеге асыратын жастардың саясаттағы белсенділігі қоғамның қозғаушы күшіне айнала бастағаны рас. Сондықтан жастардың саяси өмірге белсене араласуы, мемлекеттік бастамалар мен реформаларды қолдауы–еліміздің өркендеуінің маңызды шарты.
Жастардың саяси белсенділігін арттыру және Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған саяси реформалардың орындалуы мен демократиялық құндылықтарға бағытталған әділетті қоғам құрудағы жастардың ел дамуына қосар үлесін талқылау мақсатында ЖСДП Атырау облыстық филиалы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің журналистика факультетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуде ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрайымы Н.Камалова жастардың саяси белсенділігі дегеніміз—сайлауға қатысу, ел болашағына бейжай қарамай, өз ойы мен ұстанымын жеткізе білуі және елдің болашағын айқындайтын маңызды шешімдерге араласуы, қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосуы болып табылатындығын жеткізді.
Сонымен қатар, жастар өз көзқарасын ашық түрде білдіріп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз ықпалын тигізіп, Президент Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыруға белсене атсалысуы қажеттілігі туралы да өз пікірлерін ортаға салды. Шындығында білімді, белсенді және жауапты жас ұрпақ Қазақстанның жарқын болашағының кепілі екені рас. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің журналистика факультетінің студенттері бастамаларды жүзеге асырудың мүмкін жолдары туралы өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын да білдірді. Сондай-ақ, белсенді жастар елдің дамуына қолдан келгенше үлес қосуға дайын екендіктерін айтты.
Д.Жанаева
ЖСДП Атырау облыстық филиалы