ЖСДП сайлау науқанының аралық нәтижелерін қорытындылады

ЖСДП Орталық сайлау штабы сайлау науқанының бел ортасында аралық нәтижелерін қорытындылады. Барлық өңірлердегі партия штабтарының өкілдері кездесуге бейнеконференция арқылы қатысты. Бұл партияның соңғы екі аптадағы елдегі үгіт-насихат жұмыстарының бірыңғай көрінісін нақтылап, алдағы жоспарды пысықтау болды. Шындығында бұл кезең науқан басталғаннан бергі кезеңдердегі жұмыстың қызған сәті десе де болады.

Кездесуді ашқан ЖСДП төрағасы және Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат Асхат Рақымжанов ЖСДП-ның республика бойынша саяси аренаның сол жақ қапталын тұрақты түрде берік ұстап келе жатқанын атап өтті. Ол партия бағдарламасы әлеуметтік демократия қағидаттарына негізделгендіктен халықтың ойынан шығып жатқанын айтты. Оған аймақтардағы кездесулерде сайлаушылардың айтқан оң пікірлері дәлел екенін мәлімдеді. Жалпы алғанда, штаб науқанның барысын оң бағалады. Команда брендтік тауарлардан бастап аймақтарда жұмыс істейтін және сайлаушылармен үнемі кездесетін үгітшілерге дейін толық құрамда.

«Болашақ Құрылтайға хат»: Әлі дауыс бере алмайтын жастар үні

Кездесуде сондай-ақ«Болашақ Құрылтайға хат» бастамасы аясында келіп түскен азаматтардың өтініштерін талдау жұмыстары да назарға алынды. Сонымен қатар, штаб сайлауға қатысатын жеті партияның платформаларын зерделеп, талдау жасаған 16 жасар жеткіншектің жұмысын саралады. Ол ЖСДП платформасын өзінің есебі бойынша ең үздік платформа деп анықтаған. Бұл да партияның жұмысының нәтижесі екені айтылды. Еске сала кетейік, Құрылтай сайлауында тек 18 жастан асқан азаматтар ғана дауыс бере алады.

Кездесуді қорытындылай келе, Асхат Рахымжанов сайлауға дейін енді екі апта қалғанын ескеруді және бүкіл команда қарқынды жұмысты үдету керектігін атап өтті. «Алдағы күрес өте күрделі. Біз бар күшімізді жинап, жұмысты ерекше қарқынмен жалғастыруымыз керек»,-деді.

Сонымен қатар, партия төрағасы соңғы бір жарым ай ішінде ЖСДП кәсіби әрі ұйымшыл командасын сақтап қалғанын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай ұйымшылдық пен тұрақтылық бүгінде сайлауға қатысып жатқан өзге саяси партиялардың ешқайсысында жоқ.

ОСДП Орталық сайлау штабының баспасөз қызметі