ЖСДП төрағасы банк қызметкерлерінің қылмыстық схемаларға қатысы барын тексеруді талап етті

2025 жылдың 1 қазанындағы Мәжілістің жалпы отырысында ЖСДП-ның төрағасы Асхат Рахымжанов депутаттық сауалын елдің Премері Олжас Бектеновке жолдады. Депутат өз сауалында Қазақстанда жүйелі түрде жеке тұлғаларға жалған несиелер рәсімдейтін ұйымдасқан қылмыстық топ жұмыс істеп жатқанын айтты. Ол азаматтарымыздың еш келісімінсіз рәсімделіп кетіп жатқан жалған несиелерді дереу есептен шығарудың міндетті тәртібін белгілеу керектігін баса назарға алды.

«Бұл мәселенің ауқымы кеңейеіп, қаупі арта түсуде, оған маған және партиямызға келіп түскен көптеген өтініштер куә. Әсіресе, бұл қылмыстардың ел ішінде екінші деңгейлі банк қызметкерлерінің тікелей қатысуымен жасалып жатқаны алаңдатады. Жәбірленушілердің айтуынша, несиелер жалған немесе жарамсыз сенімхаттар негізінде, көбіне мерзімі өтіп кеткен немесе биометрикалық куәліксіз беріледі. азаматтар», -
деді мәжілісмен. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары осы схема құрбаны болғандықтарын депутаттық сапар кезінде келіп жеке дара баяндаған.

«Олардың айтуынша, қоңыраулар белгісіз тұлғалардан келіп, оларды нақты филиалдар мен жетекшілерге бағыттаған. Дәл сол жерде жеке тұлғалар мен олардың туыстарына жалған несиелер берілген. Партияда мұндай қызметкерлердің тізімі бар, біз оны құқық қорғау органдарына тапсыратын боламыз»,- деді Асхат Рахымжанов.

Бұл жерде заңды түрде сұрақ туындап отырғаны белгілі. Еліміздегі қаржы институттары қауіптің ауқымын түсініп, өз қызметкерлерінің әрекеті азаматтардың банк жүйесі мен мемлекеттік мекемелерге деген сеніміне нұқсан келтіретінін мойындай ма екен? Депутат бұл сұрақты да төтесінен қойды.

ЖСДП төрағасы Ішкі істер министрлігінен екінші деңгейлі банк басшыларының қызметін жан-жақты тексеріп, жалған сенімхаттар арқылы берілген несиелерге қатысты істерге құқықтық баға беріп, осындай қылмыстарды анықтау алгоритмін парламентке ұсынуды сұрап отыр.

«Біз өз тарапымыздан қолымызда бар заңсыз әрекет етуші қызметкерлердің толық тізбесін ұсынатын боламыз және тергеу саласындағы уәкілетті органдармен, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша да ынтымақтаса жұмыс істеуге әзірміз»,-деді.

Өзінің Депутаттық сауалы барыында Асхат Рахымжанов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚРҚА) – өз құзыреті шегінде: • Екінші деңгейлі банктердің ішкі процедураларына қадағалауды күшейту, • Қаржы институттарынан сенімхаттардың шынайылығын тексерудің тиімді тетіктерін енгізуді талап ету; • Клиенттердің міндетті биометриялық сәйкестендіруін бақылауды қамтамасыз ету; • Күдікті транзакциялар анықталған кезде жауап беру процедурасын әзірлеу керектігі сынды бірнеше маңызды ұсыныс айтты. Сонымен қатар айтылған мәселелер төңірегінде жауап беруді сұрады.

ЖСДП баспасөз қызметі